avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
29.04.2026 14:08
ФРАКЦИЯ ЖҰМЫСЫ: АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ ҚОСТАНАЙЛЫҚ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«AMANAT» партиясының Хатшысы Александр Данилов Қостанай облысында фракция мүшелерімен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарламаның орындалуы және өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.

2023–2025 жылдарға арналған Жол картасының 96%-ы орындалған. Депутаттар бастамасымен медициналық мекемелердің 728,8 млн теңге берешегі өтеліп, Қостанай әуежайына арнайы амбулифт алынды.

«Жарқын ауыл» жобасы аясында 600 млн теңгеден астам қаржыға ауыл тұрғындары үшін жаңа үйлер салынды.

Александр Данилов фракция жұмысы нақты нәтижеге бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Халық депутаттардың қызметін атқарылған істер арқылы бағалайды.
38
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
29.04.2026 14:05
ФРАКЦИЯ ЖҰМЫСЫ: АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ ҚОСТАНАЙЛЫҚ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«AMANAT» партиясының Хатшысы Александр Данилов Қостанай облысында фракция мүшелерімен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарламаның орындалуы және өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.

2023–2025 жылдарға арналған Жол картасының 96%-ы орындалған. Депутаттар бастамасымен медициналық мекемелердің 728,8 млн теңге берешегі өтеліп, Қостанай әуежайына арнайы амбулифт алынды.

«Жарқын ауыл» жобасы аясында 600 млн теңгеден астам қаржыға ауыл тұрғындары үшін жаңа үйлер салынды.

Александр Данилов фракция жұмысы нақты нәтижеге бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Халық депутаттардың қызметін атқарылған істер арқылы бағалайды.
42
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
29.04.2026 13:04
«ҚАРЫЗЫҢ БАРДА, МАЛЫМ БАР ДЕМЕ...»

«Қарызың барда, малым бар деме...» деген халық даналығының мәнін Шымкент қаласының тұрғыны Сұлтанбек Асылбаев өз өмір тәжірибесі арқылы терең түсінгенін айтады. Оның айтуынша, қаржылық қиындыққа тап болған кезеңдер бұл сөздің өмірлік маңызын айқын көрсеткен.

Атап айтқанда, 5-6 жыл бұрын Сұлтанбек Асылбаев екінші деңгейлі банктердің бірінен несие рәсімдеген. Алғашқы жылдары қарызын белгіленген кестеге сәйкес уақытылы өтеп отырған. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты жұмысынан айырылып, қаржылық жағдайы күрт нашарлаған. Соның салдарынан несие бойынша төлемдерін уақытылы жүзеге асыра алмай, берешегі ұлғайған.

Нәтижесінде банк шоттары бұғатталып, іс сот өндірісіне өткен. Бірнеше жыл бойы қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың нақты жолын таба алмаған азамат қаржылық тығырыққа тірелген.

Кейінірек ол «AMANAT» партиясы жүзеге асырып жатқан «Қарыз қоғам» партиялық жобасы туралы біліп, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген. Жоба аясында көрсетілген құқықтық және кеңестік қолдаудың нәтижесінде Сұлтанбек Асылбаевтың банк шоттары қайта ашылып, қарызды өтеудің тиімді және қолайлы кестесі жасақталған. Қазіргі таңда ол берешегін кезең-кезеңімен өтеп, қаржылық тұрақтылығы қалпына келе бастаған.
83
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
28.04.2026 23:31
«TURGYNDAR AMANATY»: Алматыда «AMANAT» партиясының ауқымды жобасы бастау алды


Алматыда «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында қалалық форум-семинар өтті. Іс-шара барысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар айқындалды.

Алматыда 9,5 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың басым бөлігі ескі тұрғын үй қорына жатады және күрделі жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар апатты және тозығы жеткен үйлер мәселесі өзекті болып отыр.

Осы түйткілдерді шешу үшін «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында басқарудың тиімді моделін қалыптастыру, төрағаларды оқыту, күрделі жөндеу жұмыстарын сүйемелдеу, цифрлық шешімдерді енгізу және тұрғындардың басқару процесіне қатысуын арттыру көзделген.

Форум барысында тұрғын үйді басқару саласын дамыту, ашықтықты арттыру және тұрғындардың шешім қабылдаудағы рөлін күшейту мәселелері талқыланды.
234
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 23:27
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді шара – кемел келешектің кепілі


Жамбыл облысы, Тараз қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында тұрғын үй саласына арналған форум өтті. Жиында көпқабатты үйлерді басқару, инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік, кері байланыс және МИБ пен ПИК тиімділігі талқыланды.

Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мемлекеттік және коммуналдық сала өкілдері, сондай-ақ өңірдегі МИБ пен ПИК басшылары қатысты.

Жиында жоба тұрғын үй саласындағы мәселелерді жүйелі шешуге бағытталғаны айтылып, МИБ пен ПИК төрағаларын оқыту, кері байланысты күшейту және «Халық қатысатын бюджет» тетігін енгізу жоспарлары таныстырылды.

Форум қорытындысында басқару тиімділігін арттыру мен тұрғындардың қатысуын күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар қаралды.
1 343
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 23:10
«TURGYNDAR AMANATY»: Атырауда тұрғын үй саласын жаңғыртудың нақты қадамдары айқындалды


Атырауда тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған форум-семинар өтті. Іс-шарада көппәтерлі үйлерді басқаруды жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындармен кері байланысты күшейту жолдары қаралды.

Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, сондай-ақ мәслихат депутаттары, салалық сарапшылар және МИБ пен ПИК өкілдері қатысты.

Жиында «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғындардың өз үйін басқаруға белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тиімді құрал екені атап өтілді. Сондай-ақ МИБ пен ПИК жұмысын жетілдіру, ашықтықты арттыру және нақты шешімдер қабылдау қажеттігі айтылды.

Нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, өңірде жобаның фронт-офисін ашу тапсырылды.
1 237
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 21:08
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік форум өтті. Кездесу барысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, ашықтықты арттыру, тұрғындармен кері байланысты күшейту, сондай-ақ МИБ пен ПИК жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Форум жұмысына «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов, Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, мәслихат депутаттары, мемлекеттік және коммуналдық қызмет өкілдері, сондай-ақ өңірдегі МИБ пен ПИК төрағалары қатысты. Форум алдында өткен панельдік сессияда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты қаралып, ұсыныстар пысықталды.
1 260
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 19:29
«AMANAT» БАСТАМАСЫ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ЖОЛ АШТЫ


Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлігін дамытудың тиімді тетігіне айналды.


Жоба табысты арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті өндірісті кеңейтуге мүмкіндік беруде

Нәтижесінде 4600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған.


Бағдарламаның игілігін көргендердің бірі – кәсіпкер Насихат Шораева 🐄
Жеңілдетілген несие алып, кәсібін бастап, бүгінде тұрақты табысқа шыққан

«Ауыл аманаты» – ауылдағы табыстың нақты көзіне айналып келеді
243
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 17:04
«AMANAT»: Таразда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы қаралды

Тараз қаласында «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық кеңестің көшпелі отырысы өтті


Жиында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс пен «Халықпен бірге!» бағдарламасының орындалуы талқыланды


Нәтиже бар:
98,9% іс-шара орындалған

68 мың жұмыс орны ашылған


Сонымен қатар бірқатар мәселелер көтерілді:
жемқорлық деректері мен жер кезегі өзекті күйінде қалып отыр


Қорытынды бойынша бақылауды күшейту және ашықтықты арттыру ұсынылды
254
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 16:06
Казахстан занял 33-е место в рейтинге самых счастливых стран мира


В новом World Happiness Report 2026 страна поднялась сразу на 10 позиций


Мы вышли на улицы и спросили у людей что делает их счастливыми


Ответы простые
семья
здоровье
спокойствие
уверенность в завтрашнем дне

А что делает счастливым вас?
257
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 12:39
20 МЛРД ТГ ИНВЕСТИЦИЯ, 630 ЖҰМЫС ОРНЫ ЖӘНЕ ЖҮЗДЕГЕН ЖОБА: ҰЛЫТАУДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА


Ұлытау облысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Қаженова өңір кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Ашық диалог форматында өткен жиында бизнесті дамыту, инвестиция тарту және аймақ экономикасын нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен нақты нәтижелерге ерекше назар аударылды. Соңғы жылдары өңірде 47,3 млрд теңгеге 3 ірі инвестициялық жоба іске қосылып, 630-дан астам жұмыс орны ашылды. Ал «Жасыл Ел» бағдарламасы арқылы 1600 азамат жұмыспен қамтылып, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді.

Ауылдарды дамыту бағытында «Дипломмен ауылға» жобасы нәтижесін беріп, 110-нан астам жас маман ауылдарға жұмысқа тартылды. Туризм саласында жаңа нысандар ашылып, өңірдің әлеуеті артып келеді. Сонымен қатар «Жер аманаты» жобасы аясында 607 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды.

Білім, денсаулық сақтау және инфрақұрылым салаларында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаңа мектептер мен балабақшалар салынды, медициналық нысандар ашылып, заманауи техникамен жабдықталды. Жолдар жөнделіп, тұрғындар толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.


Тұрғын үй мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Жүздеген отбасы жаңа баспанамен қамтылып, әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілуде.

Мұндай кездесулер – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, нақты мәселелерді шешуге бағытталған маңызды алаң. Алдағы уақытта да депутаттар өңір тұрғындарымен тұрақты түрде кездесіп, өзекті сұрақтарға жауап беруді жалғастырады.
1 267
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 11:12
Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты алғашқы облыстық форумы өтті


Іс-шараны облыс әкімдігі мен AMANAT партиясы ұйымдастырып, ауылдық аумақтарды дамыту мен жергілікті басқару сапасын арттырудың жаңа бағыттары талқыланды.

Форумға өңірдегі барлық ауыл әкімдері, депутаттар, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысып, нақты ұсыныстар мен тәжірибелер ортаға салынды.

«Ауыл аманаты» және «Қаладан ауылға» жобаларының нәтижесінде ауыл экономикасы жанданып, жаңа жұмыс орындары ашылып, елді мекендерге жаңа тұрғындар көшіп келуде. Бұл бастамалар ауылдарға жаңа серпін беріп отыр.

Сондай-ақ форум аясында ауыл шаруашылығы мен қолөнер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, жергілікті кәсіпкерлердің жұмысы таныстырылды.

Басты мақсат – ауылды дамыту арқылы елдің тұрақты дамуына негіз қалау.
1 257
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 10:08
От судебных арестов к облегчению и поддержке благодаря проекту «Қарызсыз қоғам»

Когда здоровье подводит и вместе с этим накапливаются долги, ситуация становится особенно тяжелой. Жанна Хасенова, инвалид 2 группы, столкнулась с серьезными жизненными испытаниями. После ухудшения состояния она не могла работать, платежи по кредитам стали просроченными, а со временем были наложены судебные аресты. Каждый день сопровождался тревогой и ощущением безысходности.

В поисках решения Жанна Хасенова обратилась в проект партии «AMANAT» «Қарызсыз қоғам». В рамках программы ей предоставили бесплатную юридическую помощь. Специалисты сопровождали ее на протяжении нескольких судебных процессов, помогли добиться снятия арестов и пересмотра графика выплат на более комфортные условия.

Благодаря поддержке партии «AMANAT» и проекта «Қарызсыз қоғам» Жанна Хасенова смогла стабилизировать ситуацию, снизить финансовую нагрузку и почувствовать долгожданное облегчение. Сегодня у нее появилась уверенность в завтрашнем дне и понимание, что даже в самой сложной ситуации есть выход.
225
avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
27.04.2026 09:44
20 ШКОЛ, 199 ТЫСЯЧ РАБОЧИХ МЕСТ И 1000 ДВОРОВ: КАК РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА ПАРТИИ «AMANAT» В АЛМАТЫ


В Алматы продолжается системная реализация предвыборной программы партии «AMANAT». Рассмотрены итоги выполнения Дорожной карты за 2023–2025 годы. Сегодня это уже не планы, а конкретные результаты.

За три года в городе сформирован новый социальный и инфраструктурный каркас. Построено 20 школ на 34,2 тысячи мест, открыты детские сады и современные центры дополнительного образования, где еженедельно занимаются тысячи детей.

В сфере здравоохранения введены новые медицинские объекты, расширен доступ к услугам и усилены направления раннего вмешательства и реабилитации.

Экономика города демонстрирует устойчивый рост. Реализуются промышленные проекты, создаются рабочие места, оказывается поддержка предпринимателям. За три года открыто более 199 тысяч рабочих мест.


Масштабно обновляется инфраструктура. Строятся и ремонтируются дороги, модернизируются инженерные сети, повышается уровень обеспеченности базовыми услугами.

В городе благоустроено более 1000 дворов, обновляется жилой фонд и общественный транспорт.


Особое внимание уделяется молодежи. Тысячи молодых людей получили жильё и возможность трудоустройства.

Это последовательная работа, направленная на повышение качества жизни горожан.
192

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram