«TURGYNDAR AMANATY»: Атырауда тұрғын үй саласын жаңғыртудың нақты қадамдары айқындалды
Атырауда тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған форум-семинар өтті. Іс-шарада көппәтерлі үйлерді басқаруды жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындармен кері байланысты күшейту жолдары қаралды.
Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы
Ержан Жылқыбаев, Атырау облысының әкімі
Серік Шәпкенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі
Дүйсенбай Тұрғанов, облыс әкімінің орынбасары
Қайрат Нұртаев, сондай-ақ мәслихат депутаттары, салалық сарапшылар және МИБ пен ПИК өкілдері қатысты.
Жиында «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғындардың өз үйін басқаруға белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тиімді құрал екені атап өтілді. Сондай-ақ МИБ пен ПИК жұмысын жетілдіру, ашықтықты арттыру және нақты шешімдер қабылдау қажеттігі айтылды.
Нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, өңірде жобаның фронт-офисін ашу тапсырылды.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram