Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты алғашқы облыстық форумы өтті
Іс-шараны облыс әкімдігі мен AMANAT партиясы ұйымдастырып, ауылдық аумақтарды дамыту мен жергілікті басқару сапасын арттырудың жаңа бағыттары талқыланды.
Форумға өңірдегі барлық ауыл әкімдері, депутаттар, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысып, нақты ұсыныстар мен тәжірибелер ортаға салынды.
«Ауыл аманаты» және «Қаладан ауылға» жобаларының нәтижесінде ауыл экономикасы жанданып, жаңа жұмыс орындары ашылып, елді мекендерге жаңа тұрғындар көшіп келуде. Бұл бастамалар ауылдарға жаңа серпін беріп отыр.
Сондай-ақ форум аясында ауыл шаруашылығы мен қолөнер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, жергілікті кәсіпкерлердің жұмысы таныстырылды.
Басты мақсат – ауылды дамыту арқылы елдің тұрақты дамуына негіз қалау.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram