«ҚАРЫЗЫҢ БАРДА, МАЛЫМ БАР ДЕМЕ...»
«Қарызың барда, малым бар деме...» деген халық даналығының мәнін Шымкент қаласының тұрғыны
Сұлтанбек Асылбаев өз өмір тәжірибесі арқылы терең түсінгенін айтады. Оның айтуынша, қаржылық қиындыққа тап болған кезеңдер бұл сөздің өмірлік маңызын айқын көрсеткен.
Атап айтқанда, 5-6 жыл бұрын Сұлтанбек Асылбаев екінші деңгейлі банктердің бірінен несие рәсімдеген. Алғашқы жылдары қарызын белгіленген кестеге сәйкес уақытылы өтеп отырған. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты жұмысынан айырылып, қаржылық жағдайы күрт нашарлаған. Соның салдарынан несие бойынша төлемдерін уақытылы жүзеге асыра алмай, берешегі ұлғайған.
Нәтижесінде банк шоттары бұғатталып, іс сот өндірісіне өткен. Бірнеше жыл бойы қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың нақты жолын таба алмаған азамат қаржылық тығырыққа тірелген.
Кейінірек ол «AMANAT» партиясы жүзеге асырып жатқан «Қарыз қоғам» партиялық жобасы туралы біліп, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген. Жоба аясында көрсетілген құқықтық және кеңестік қолдаудың нәтижесінде Сұлтанбек Асылбаевтың банк шоттары қайта ашылып, қарызды өтеудің тиімді және қолайлы кестесі жасақталған. Қазіргі таңда ол берешегін кезең-кезеңімен өтеп, қаржылық тұрақтылығы қалпына келе бастаған.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram