«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді шара – кемел келешектің кепілі
Жамбыл облысы, Тараз қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында тұрғын үй саласына арналған форум өтті. Жиында көпқабатты үйлерді басқару, инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік, кері байланыс және МИБ пен ПИК тиімділігі талқыланды.
Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мемлекеттік және коммуналдық сала өкілдері, сондай-ақ өңірдегі МИБ пен ПИК басшылары қатысты.
Жиында жоба тұрғын үй саласындағы мәселелерді жүйелі шешуге бағытталғаны айтылып, МИБ пен ПИК төрағаларын оқыту, кері байланысты күшейту және «Халық қатысатын бюджет» тетігін енгізу жоспарлары таныстырылды.
Форум қорытындысында басқару тиімділігін арттыру мен тұрғындардың қатысуын күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар қаралды.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram