«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік форум өтті. Кездесу барысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, ашықтықты арттыру, тұрғындармен кері байланысты күшейту, сондай-ақ МИБ пен ПИК жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Форум жұмысына «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы
Мәди Оспанов, Мәжіліс депутаты
Екатерина Смышляева, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Мирас Мүлкәй, мәслихат депутаттары, мемлекеттік және коммуналдық қызмет өкілдері, сондай-ақ өңірдегі МИБ пен ПИК төрағалары қатысты. Форум алдында өткен панельдік сессияда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты қаралып, ұсыныстар пысықталды.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram