avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
28.04.2026 23:31
«TURGYNDAR AMANATY»: Алматыда «AMANAT» партиясының ауқымды жобасы бастау алды


Алматыда «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында қалалық форум-семинар өтті. Іс-шара барысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар айқындалды.

Алматыда 9,5 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың басым бөлігі ескі тұрғын үй қорына жатады және күрделі жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар апатты және тозығы жеткен үйлер мәселесі өзекті болып отыр.

Осы түйткілдерді шешу үшін «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында басқарудың тиімді моделін қалыптастыру, төрағаларды оқыту, күрделі жөндеу жұмыстарын сүйемелдеу, цифрлық шешімдерді енгізу және тұрғындардың басқару процесіне қатысуын арттыру көзделген.

Форум барысында тұрғын үйді басқару саласын дамыту, ашықтықты арттыру және тұрғындардың шешім қабылдаудағы рөлін күшейту мәселелері талқыланды.
234

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram