avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
21.07.2026 11:38
🇺🇦 Украина елшісі КҚК инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға Киевтің қатысы жоқ деді

Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымы мен мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға Украинаның қатысы барын жоққа шығарды.

Елшінің сөзінше, Киев Астананың алаңдаушылығын түсінеді, алайда бұл шабуылдарды Украина жасағанын дәлелдейтін айғақ жоқ. Майко Ресейдің украиналық дрондарды радиоэлектрондық күрес құралдары арқылы бақылауына алып, арандату мақсатында пайдалануы мүмкін екенін айтып, бұл нұсқаны мұқият тергеуге шақырды.

Оның сөзінше, Украина қарулы күштері тек әскери нысандарды нысанаға алады, ал Қазақстанның инфрақұрылымы мен экономикалық мүдделері ешқашан әскери мақсат ретінде қарастырылмаған.

Шілденің 17-сі, 19-ы және 20-күндері Новороссийскідегі КҚК терминалдарына барған бірнеше мұнай танкеріне дрондар шабуыл жасағаннан кейін Қазақстанның сыртқы істер және Энергетика министрліктері КҚК нысандарына шабуылды тоқтатуға шақырған.

КҚК Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80 пайызын тасымалдайтын негізгі бағыт саналады.
👏 10
👍 4
2
🤯 1
1 439
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
21.07.2026 11:04
Журналист Азамат Омаров екі айға қамауға алынды

👨‍🎓
Астананың тергеу соты "Ахуал сегодня" YouTube-арнасының авторы, журналист Азамат Омаровты Қылмыстық кодекстің 174-бабы ("араздық қоздыру") бойынша күдікпен екі айға қамауға алды.

Адвокат Төлеген Шайықовтың айтуынша, Омаровқа шығарылған сот қаулысында журналист жариялаған Қазақстан билігі жайлы сатиралық материалдар "қоғамда теріс пікір қалыптастыруы мүмкін" деген тұжырым айтылған.

Қорғаушы билік өкілдері журналисті үйінен ұстап, компьютері , телефондары📱 және өзге де техникасымен бірге алып кеткенін айтты.

Шайықовтың сөзінше, Омаров өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және жариялаған материалдарын кәдімгі сатира мен юмор деп біледі. Адвокат журналисті қамауға алу туралы шешімге қарсы шағым берген.

21 шілдеде "Әділ сөз" қоры құқық қорғау органдарын журналистің қайда екені, нақты қандай күдікпен ұсталғаны және іске негіз болған материалдар туралы ресми ақпаратты тезірек беруге шақырды.

Астана полициясы мен қалалық соттың баспасөз қызметі әзірге бұл іске байланысты ресми түсініктеме берген жоқ.
😡 12
1
💩 1
4 581
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
21.07.2026 06:08
Евгений Хмара Украинаның қорғаныс министрі міндетін атқарушы болып тағайындалды

Украина үкіметі Евгений Хмараны қорғаныс министрінің міндетін атқарушы қызметіне бекітті. Оны бұл қызметке президент Владимир Зеленский ұсынған.

Хмара бұған дейін Украинаның қауіпсіздік қызметінің (СБУ) "Альфа" арнайы жасағын басқарған. Бұл бөлімше дрондар қолданып жасаған бірқатар операцияларымен (арасында әйгілі "Өрмек" операциясы да бар) танымал.

Хмараны қорғаныс министрі етіп түпкілікті тағайындау үшін Жоғарғы Раданың мақұлдауы қажет.

Хмара бұл лауазымға бұрынғы министр Михаил Федоровтың қызметтен кетуі себеп болған наразылықтар өтіп жатқан шақта ұсынылды. Федоровты қолдайтындар оны қызметке қайтаруды биліктен талап етіп бес күн қатарынан көшеге шықты.

🗣️ Федоров қызметтен кеткеннен кейін Украина қарулы күштері бас қолбасшысы Александр Сырскийді сынға алып, қызметінен кетуіне сол ықпал еткенін мәлімдеген.

📍 Украина қарулы күштерінің бас штабы 20 шілдеде жариялаған мәлімдемеде Сырскийдің өз қызметінде қалатыны айтылған.
13
👍 2
👎 1
😁 1
821
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
21.07.2026 06:05
"Атажұрт" қозғалысының мүшесіне айыппұл салынды

18 шілде күні Алматыдағы "Атажұрт" қозғалысының мүшесі Әсен Нұрсанның үйіне Наурызбай аудандық полициясының қызметкерлері келіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы таныстырған. Оған 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бір апта ішінде төлесе, айыппұл көлемі жеңілдікпен 108 125 теңге болмақ.

Полиция оқып берген хаттамаға сәйкес, тексеру барысында Әсен Нұрсанның Facebook* әлеуметтік желісінде жарияланған бейнероликте өзін заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмеген "Атажұрт" қоғамдық бірлестігінің мүшесі ретінде жария түрде мәлімдегені анықталған. Хаттамада мұндай әрекет тіркелмеген қоғамдық бірлестіктің мүшесі екені және оның қызметі туралы ақпараттың жария түрде таралуына жол бергені көрсетілген.

Белсенді өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Видеоны Азаттыққа Әсен Нұрсанның өзі ұсынды.
😁 10
🤬 4
2
💩 1
3 746
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
21.07.2026 05:29
KazTAG сайты DDoS-шабуылға ұшырағанын хабарлады

Қазақстандағы KazTAG ақпарат агенттігі сайты DDoS-шабуылға ұшырап, жұмысында уақытша іркіліс болғанын хабарлады.

Редакция мәліметінше, хостинг-провайдер шабуыл кезінде кіріс трафигі күрт артқанын тіркеп, қауіпсіздік мақсатында шетелден келетін трафикті уақытша бұғаттаған. Қазақстан ішінде шектеу қойылмаған.

KazTAG желідегі шабуылдар 19-20 шілде аралығында жалғасып, салдарынан сайт уақытша істемей, жаңалық жариялау мүмкін болмағанын айтты.

Агенттік Telegram-арнасына жазылған қолданушыларға KazTAG туралы жалған ақпарат тарататын бот-хабарлар ауық-ауық тарап жатқанын мәлімдеді.

KazTAG бұл оқиғаларға кімнің қатысы болуы мүмкін екені жайлы пікір білдірген жоқ. Редакция сайт жұмысын қалпына келтіріп жатқанын хабарлады.
🤬 6
1
👎 1
💩 1
754
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
21.07.2026 04:02
🇰🇿 Құрылтай сайлауына қатысатын жеті партия ОСК-ге партиялық тізімін өткізіп болды

Орталық сайлау комиссиясы елде ресми тіркелген жеті саяси партияның бәрінен Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар тізімін тіркеуге қабылдап алды.

Сонымен, 23 тамызға белгіленген сайлауда Құрылтайдағы 145 орын үшін жеті партиядан бәсекеге түсетіндер саны:

"Ақ жол" демократиялық партиясы – 63;
"Ауыл" партиясы – 69;
"Әділет" партиясы – 186;
"Байтақ" жасылдар партиясы – 47;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33;
Қазақстан халық партиясы – 72;
Respublica партиясы – 76 кандидат.

ОСК жеті партия ұсынған тізімдегі кандидаттардың Конституция мен "Сайлау туралы" конституциялық заң талаптарына сай келуін және барлық партиялық тізімдерде әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар азаматтар үшін міндетті 30 пайыздық квота сақталғанын тексереді.

Құрылтай депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 2026 жылғы 23 шілде күні сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады.

22 тамыз — "тыныштық күні" кез келген үгіт-насихат жұмысына тыйым салынады. 23 тамызда сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатқан кезде де үгіт материалдарын таратуға болмайды.
💩 10
😁 4
🤮 3
811
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
21.07.2026 03:26
Павлодар облысында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

20 шілдеде Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында кәріз құдығында алты кісі – 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған адамдар газ исінен уланып қайтыс болған. 1988 жылғы тағы біреуі Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген, облыстық денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы тұрақты деп хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жеті ер адам электр су сорғыштың ақауын жөндеуге барған. Қайтыс болғандардың ең кішісі – 16 жаста.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, оларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеген.

"Отбасыларға арнайы материалдық көмек беріліп, жыл аяғына дейін жалақы төленеді, несиелерін өтеуге жәрдем жасалады, компания кәмелетке толмаған балаларды 18 жасқа толғанға дейін асырау және оқыту шығынын мойнына алады" деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі мемлекеттік еңбек инспекциясына, полицияға және прокуратураға оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырған. Полиция көп адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастаған.
😱 12
1
🤬 1
🙏 1
831
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 15:14
"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қорына жаңа басшы келді

Қазақстандық журналист Нәзира Дәрімбет "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті болып сайланды. Қор құрылтайшылары жалпы жиналыста осындай шешім қабылдаған.

Қорды 2022 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келген Қарлығаш Жаманқұлова Құрылтай сайлауына қатысатындығына байланысты бұл қызметтен кететінін мәлімдеген. Ол билікті қолдайтын жаңа партияның атынан сайлауға түсіп жатыр.

Дәрімбет журналистика саласында ширек ғасырға жуық уақыт еңбек етіп жүр, тәуелсіз басылымдарда, "Республика" жобасында, Азаттық радиосында жұмыс істеген.

Жаңа президент журналистерге қатысты сот және әкімшілік қысыммен қатар кибершабуылдар, бұғаттау және онлайн қудалау күшейгенін айтып, оларды қорғаудың жаңа тетіктері қажет екенін мәлімдеді.

"Әділ сөз" қоры 1999 жылдан бері Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалын бақылап, журналистерге құқықтық көмек көрсетіп келеді. Қорды 1999-2022 жылдары Тамара Калеева басқарған.
🤡 8
💩 3
🔥 2
😁 1
🤔 1
2 1K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 14:12
КҚК терминалынан мұнай тиеп жатқан тағы бір танкер шабуылға ұшыраған

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 20 шілдеге қараған түні Қара теңіздегі терминалдан мұнай тиеп жатқан Nelsa танкеріне дрон шабуылы жасалғанын хабарлады.

Компания мәліметінше, кеменің бірнеше жерінен өрт шығып, экипаждың 22 мүшесі эвакуацияланған. Капитан мен бірінші көмекшісі кемеде қалып, өрт бірнеше сағаттан кейін сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

КҚК бұл шабуылдарды халықаралық консорциум экспорттайтын инфрақұрылымға қарсы "террорлық әрекет" деп атап, консорциумға мүше елдерді нақты шаралар қабылдауға шақырды.

17-19 шілде аралығында КҚК-ның Қара теңіздегң терминалынан мұнай тасымалдайтын танкерлерге дрондар шабуылдаған. Қазақстанның сыртқы істер және энергетика министрліктері бұл әрекеттерді елдің экономикалық мүддесіне қол сұғу деп бағалап, шабуылдарды тоқтатуға үндеді.

Шабуылдарды кім ұйымдастырғаны ресми түрде аталған жоқ. Украина бұған дейін Ресейдің мұнай инфрақұрылымын заңды әскери нысана деп санайтынын мәлімдеген.

КҚК арқылы тасымалданатын мұнайдың шамамен 80 пайызы Қазақстан кеніштерінен өндіріледі. 2025 жылы консорциум экспортқа шығарған 70 млн тонна мұнайдың 63 млн тоннаға жуығы қазақстандық шикізат болды.
👍 14
🔥 3
1
🤔 1
1K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 12:29
🇰🇿 Үкімет көлеңкелі экономикамен күрестің екі жылдық жоспарын бекітті

Қазақстан үкіметі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады.

Билік көлеңкелі экономика елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, заңды бизнестің дамуын тежейтінін, бәсекелестікті әлсіретіп, бюджет кірістерін азайтатынын атап көрсеткен.

Жоспардың негізгі бағыты ретінде цифрландыру белгіленген. Үкімет салық, кеден, еңбек және өзге де мемлекеттік жүйелердің деректерін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа құруды көздеп отыр.

Жаңа жүйе күмәнді операциялар мен заңсыз схемаларды анықтап, олардың экономика салалары арасындағы қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді дейді үкімет.

Кешенді жоспар бес басым саланы қамтиды: денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер; сауда; білім беру; құрылыс; ауыл шаруашылығы. Қажет болған жағдайда бұлардың қатары кеңейтілуі мүмкін.

Үкімет 2028 жылға қарай көлеңкелі экономиканың ЖІӨ-дегі үлесін 13,8 пайызға дейін азайтуды көздеп отыр. Жоспарды бақылау мен бағалауда жасанды интеллект технологиялары да қолданылмақ.
8
🤡 4
👏 3
😁 2
🤔 1
💩 1
968
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 11:13
Қытайдың Қырғызстандағы ықпалының артуы ел тәуелсіздігіне төнген қатер туралы пікірталасты күшейтті

Қытайдың Қырғызстандағы ықпалы барған сайын айқын байқала бастады. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің дерегіне сәйкес, биылғы жылдың алғашқы жартысында елде шетел азаматтарына берілген 61 мың жұмыс визасының шамамен 60 пайызын Қытай азаматтары алған.
Азаттық радиосы
Қырғызстанда Қытай ықпалы тәуелсіздікке қауіп деп алаңдаушылар көбейді
Қытайдың Қырғызстандағы ықпалының артып келе жатқанын жасыру қиындай түсті. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, 2026 жылдың бірінші жартысында Қырғызстан шетелдіктерге 61 мың жұмыс визасын берсе, соның 60 пайызына жуығы Қытай азаматтарының үлесінде болған. Қытай жұмысшыларының...
🤯 10
😁 5
2
976
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 09:42
ОСК "Қазақстан халық партиясының" сайлау тізімін тіркеді

20 шілде күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы "Қазақстан халық партиясынан" Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар тізімін тіркеді. Тізімге 72 адам енгізілген.

ОСК партия ұсынған кандидаттардың бәрі "Сайлау туралы" конституциялық заң талаптарына сай келеді деп хабарлады.

Алдыңғы парламент сайлауында сайлаушылардың 5 пайыздан астамының қолдауына ие болғандықтан, "Қазақстан халық партиясы" бұл жолы сайлау жарнасын төлеуден босатылды.

Өткен айдың аяғына қарай партия төрағасы ауысып, Ермұхамет Ертісбаевтың орнына Нұрсұлтан Шоқанов сайланған.

Қазақстанда ресми тіркелген жеті саяси партия биыл 23 тамызда өтетін алғашқы Құрылтай сайлауына түсетінін мәлімдеп, сайлауалды бағдарламаларын қабылдап, кандидаттар тізімдерін ОСК-ға ұсынған.
🤮 8
💩 4
😁 3
😡 2
1K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 08:51
Ресей шабуылынан Запорожьеде үш адам қаза тапты

Украинаның Запорожье қаласы мен ауданына 19 шілде кешке Ресей әскері жасаған әуе шабуылы салдарынан үш адам қаза тапқан. Мұны Запорожье облыстық әкімшілік басшысы Иван Федоров хабарлады. Оның сөзінше, өлгендер арасында 11 жасар қыз бар.

Федоров кейінгі 24 сағат ішінде аймақта шамамен 50 адам жараланғанын айтты. Кейінгі бір күнде Ресей әскері Запорожье облысындағы 53 елді мекенге 1015 рет соққы жасады деді ол.

🚢
Украина теңіз порттары басқармасының мәліметі бойынша, Одессада 19 шілдеде Гвинея-Бисау туын іліп жүрген "Алтын Лео" азаматтық кемесіне ресейліктер жасаған шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны 10 адамға жеткен. Кемеде экипаждың 17 мүшесі – Үндістан мен Сирия азаматтары – болған, қаза тапқандар арасында украиналық лоцман да бар. Сегіз теңізші құтқарылған, іздеу-құтқару операциясы түні бойы жалғасқан.

Украина әскери-теңіз күштерінің мәліметі бойынша, ресейліктер кемені үш Х-59/Х-69 қанатты зымыранмен атқан.

🛢️ Кеменің иесі – түрік компаниясы. Ресей қорғаныс министрлігі нысанаға Одесса портындағы жанар-жағармай сақталатын цистерналар алынған деп мәлімдеді.
🤬 19
1K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 07:54
Украина Мәскеу облысына жаппай дрон шабуылын жасады

20 шілдеге қараған түні Украина ауқымды дрон шабуылын жасаған Мәскеу облысында Подольск, Домодедово және Одинцово аудандары зардап шеккен. Мұны облыс губернаторы Андрей Воробьев мәлімдеді.

Ресми дерек бойынша, Одинцовода көлік пен жеке үй, Подольскіде азаматтық инфрақұрылым нысандары және тұрғын үй зақымданған. Домодедовода өртенген үй мен М-4 тас жолында екі адам жараланған.

Дрондардың бірі Домодедоводағы көпқабатты тұрғын үйге түскен деп хабарлады ASTRA басылымы. Ал Домодедово ауруханасы жарықшақтан зардап шеккен алты адам жеткізілгенін, олардың үшеуі шетел азаматы екенін мәлімдеді.

ASTRA дерегінше, Подольскіде мұнай базасы нысанаға алынған. Украиналық OSINT арналары Колединодағы Wildberries қоймасы мен Домодедоводағы "Южные врата" логистика паркіне де шабуыл жасалғанын хабарлады.

Wildberries компаниясы Колединодағы кешен қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр деп мәлімдеді. Бұған дейін қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілген.

🇷🇺 Мәскеу мэрі Сергей Собянин жексенбі сағат 20:30-дан таңғы 5-ке дейінгі аралықта Мәскеу өңіріне бет алған 400-ден астам украиналық дрон атып түсірілген деп хабарлады.

🇺🇦 Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Wildberries логистика орталықтарында ұшқышсыз аппараттарға арналған бөлшектер сақталған деп мәлімдеген.
🔥 26
🍾 4
1
👍 1
🤔 1
1K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 07:02
Ресейде Сталиннің тағы бір ескерткіші ашылды

19 шілдеде Ресейдің Вологда облысындағы Череповец қаласында совет диктаторы Иосиф Сталин бейнеленген жаңа ескерткіш ашылды. Монумент облыс губернаторы Георгий Филимоновтың бастамасымен қала бюджеті есебінен орнатылды.

Ескерткіште Сталин мен металлург Иван Бардин бейнеленген. Ашылу рәсіміне губернатормен бірге "Түнгі қасқырлар" мотоклубының жетекшісі Александр Залдостанов және билікшіл партиялардың жақтастары қатысқан.

Филимонов Сталин мен Бардинді Череповецті ірі өнеркәсіп орталығына айналдырған тарихи тұлғалар деп атап, қала көшелерінің біріне Сталиннің есімін беру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.

Аймақтық БАҚ мәліметінше, 2024 жылдың аяғынан бері Вологда облысында Сталинге осымен төртінші ескерткіш ашылған. Кейінгі жылдары Ресейдің өзге өңірлерінде де мұндай монумент саны артып келеді.
Тарихшылардың бағалауынша, Сталин билігі кезінде Совет одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады.

Сталин кезіндегі зұлматтан жапа шеккендер арасында совет өкіметі малын тартып алып аштан қырылған, "халық жауы" деген айдар тағылып айдалған, атылған қазақтар да бар.

Ресейде Сталинге қойылған ескерткіштердің басым бөлігі Владимир Путин билігі кезеңінде орнатылған, әсіресе 2014 жылдан кейін олардың саны екі есе өскен.
🤬 25
💩 13
1
🥰 1
1 1.1K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 05:38
Ұлыбританияда жаңа үкімет басшысы жұмысқа кіріседі

🇬🇧 20 шілде күні Ұлыбританияның лейбористік партиясының жаңа көшбасшысы Энди Бернем елдің премьер-министрі қызметіне ресми түрде кіріспек.

💼 56 жастағы Бернем өткен жұма күні партия лидері болып сайланып, соған дейін осы қызметте болған Кир Стармерді алмастырды.

👑 Бұрыннан қалыптасқан дәстүрге сай, билікті тапсыру рәсімі аясында Кир Стармер Букингем сарайында британ королі ІІІ Чарльзге отставкаға кету туралы өтінішін береді. Содан кейін король лейбористер лидері Энди Бернемге жаңа үкіметті жасақтауды тапсырады.

💂 Энди Бернем Ұлыбритания тарихындағы 59-премьер-министр болмақ. Кейінгі он жылда Ұлыбританияда жеті премьер-министр ауысқан.
🤔 11
👍 4
1.1K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 04:48
Елжас Отыншиев "Қазақстан темір жолы" басшысы болып тағайындалды

"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының шешімімен Елжас Отыншиев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

39 жастағы Отыншиев 2024 жылдан бастап "ҚТЖ" директорлар кеңесінің мүшесі. Мәскеу физика-техникалық институтын тәмамдаған.

Ол бұған дейін Ernst & Young, "Самұрық-Қазына" және KIDF ұйымдарында жұмыс істеген. 2023 жылдан бері "Самұрық-Қазына" қорында стратегия
және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор – басқарма мүшесі қызметін атқарған.
🤔 14
💩 3
👏 1
1 1.1K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 02:51
АҚШ Иранға тоғызыншы түн қатарынан әуеден шабуылдады

АҚШ әскері Иран аумағына тоғызыншы түн қатарынан әуеден соққы жасады. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

🚢
CENTCOM бұл операциялар Ормуз бұғазы арқылы өтетін сауда кемелері мен азаматтық теңізшілерге қауіп төндіретін Иранның әскери әлеуетін әлсіретуге бағытталған дейді.

Иранның Tasnim агенттігі Тебриз бен тағы бірнеше қаласында, соның ішінде елдегі ең ірі Имам Хомейни портында жарылыстар болғанын хабарлады.

Бұған дейін Иранның Иорданияға жасаған әуе шабуылынан екі америкалық жауынгер қаза тапқан. АҚШ оған қарымта ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусының нысандарына соққы берген еді.
🔥 14
🤬 8
1
🥱 1
🍾 1
2 4.7K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
19.07.2026 22:53
Испания құрамасына әлем кубогы табысталған сәт.
Бұл ел екінші рет әлем кубогын иеленді. Алғаш рет 2010 жылы әлем чемпионы атанған.
🔥 22
👍 5
🖕 2
1 1.2K
avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
19.07.2026 22:05
⚽Испания – әлем чемпионы!

Футболдан әлем кубогының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Жеңіс голын 106-минутта Ферран Торрес (суретте 7-нөмерде) салды. Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды.

Ойында бір ғана гол салынғанымен финал Испанияның басымдылығымен өтті. Матч барысында Испания Аргентина қақпасына 20 соққы жасаса, Аргентина ойын соңында екі соққы бағыттады.

Нью-Йоркта өткен финалды АҚШ президенті Доналд Трамп келіп көрді.

Осылайша Испания екінші рет Еуропа чемпионатын және әлем кубогын қатарынан жеңді. Бұл құрама 2024 жылы Еуропа біріншілігінде жеңіске жеткен.

Испания 2008 жылы Еуропа чемпионатын, 2010 жылы әлем кубогын жеңген еді.

2022 жылы әлем чемпионы атанған Аргентина бұл жолы күміс жүлдегер.
🔥 33
2
👍 2
👏 2
🖕 2
1 1.2K

Azattyq - Азаттық

10.8K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram