KazTAG сайты DDoS-шабуылға ұшырағанын хабарлады
Қазақстандағы KazTAG ақпарат агенттігі сайты DDoS-шабуылға ұшырап, жұмысында уақытша іркіліс болғанын хабарлады.
Редакция мәліметінше, хостинг-провайдер шабуыл кезінде кіріс трафигі күрт артқанын тіркеп, қауіпсіздік мақсатында шетелден келетін трафикті уақытша бұғаттаған. Қазақстан ішінде шектеу қойылмаған.
KazTAG желідегі шабуылдар 19-20 шілде аралығында жалғасып, салдарынан сайт уақытша істемей, жаңалық жариялау мүмкін болмағанын айтты.
Агенттік Telegram-арнасына жазылған қолданушыларға KazTAG туралы жалған ақпарат тарататын бот-хабарлар ауық-ауық тарап жатқанын мәлімдеді.
KazTAG бұл оқиғаларға кімнің қатысы болуы мүмкін екені жайлы пікір білдірген жоқ. Редакция сайт жұмысын қалпына келтіріп жатқанын хабарлады.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram