🇰🇿 Үкімет көлеңкелі экономикамен күрестің екі жылдық жоспарын бекітті
Қазақстан үкіметі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады.
Билік көлеңкелі экономика елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, заңды бизнестің дамуын тежейтінін, бәсекелестікті әлсіретіп, бюджет кірістерін азайтатынын атап көрсеткен.
Жоспардың негізгі бағыты ретінде цифрландыру белгіленген. Үкімет салық, кеден, еңбек және өзге де мемлекеттік жүйелердің деректерін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа құруды көздеп отыр.
Жаңа жүйе күмәнді операциялар мен заңсыз схемаларды анықтап, олардың экономика салалары арасындағы қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді дейді үкімет.
Кешенді жоспар бес басым саланы қамтиды: денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер; сауда; білім беру; құрылыс; ауыл шаруашылығы. Қажет болған жағдайда бұлардың қатары кеңейтілуі мүмкін.
Үкімет 2028 жылға қарай көлеңкелі экономиканың ЖІӨ-дегі үлесін 13,8 пайызға дейін азайтуды көздеп отыр. Жоспарды бақылау мен бағалауда жасанды интеллект технологиялары да қолданылмақ.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram