avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
21.07.2026 11:04
Журналист Азамат Омаров екі айға қамауға алынды

👨‍🎓 Астананың тергеу соты "Ахуал сегодня" YouTube-арнасының авторы, журналист Азамат Омаровты Қылмыстық кодекстің 174-бабы ("араздық қоздыру") бойынша күдікпен екі айға қамауға алды.

Адвокат Төлеген Шайықовтың айтуынша, Омаровқа шығарылған сот қаулысында журналист жариялаған Қазақстан билігі жайлы сатиралық материалдар "қоғамда теріс пікір қалыптастыруы мүмкін" деген тұжырым айтылған.

Қорғаушы билік өкілдері журналисті үйінен ұстап, компьютері , телефондары📱 және өзге де техникасымен бірге алып кеткенін айтты.

Шайықовтың сөзінше, Омаров өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және жариялаған материалдарын кәдімгі сатира мен юмор деп біледі. Адвокат журналисті қамауға алу туралы шешімге қарсы шағым берген.

21 шілдеде "Әділ сөз" қоры құқық қорғау органдарын журналистің қайда екені, нақты қандай күдікпен ұсталғаны және іске негіз болған материалдар туралы ресми ақпаратты тезірек беруге шақырды.

Астана полициясы мен қалалық соттың баспасөз қызметі әзірге бұл іске байланысты ресми түсініктеме берген жоқ.
😡 12
1
💩 1
4 581

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

10.8K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram