Евгений Хмара Украинаның қорғаныс министрі міндетін атқарушы болып тағайындалды
Украина үкіметі Евгений Хмараны қорғаныс министрінің міндетін атқарушы қызметіне бекітті. Оны бұл қызметке президент Владимир Зеленский ұсынған.
Хмара бұған дейін Украинаның қауіпсіздік қызметінің (СБУ) "Альфа" арнайы жасағын басқарған. Бұл бөлімше дрондар қолданып жасаған бірқатар операцияларымен (арасында әйгілі "Өрмек" операциясы да бар) танымал.
Хмараны қорғаныс министрі етіп түпкілікті тағайындау үшін Жоғарғы Раданың мақұлдауы қажет.
Хмара бұл лауазымға бұрынғы министр Михаил Федоровтың қызметтен кетуі себеп болған наразылықтар өтіп жатқан шақта ұсынылды. Федоровты қолдайтындар оны қызметке қайтаруды биліктен талап етіп бес күн қатарынан көшеге шықты.
🗣️ Федоров қызметтен кеткеннен кейін Украина қарулы күштері бас қолбасшысы Александр Сырскийді сынға алып, қызметінен кетуіне сол ықпал еткенін мәлімдеген.
📍 Украина қарулы күштерінің бас штабы 20 шілдеде жариялаған мәлімдемеде Сырскийдің өз қызметінде қалатыны айтылған.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram