avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.07.2026 07:02
Ресейде Сталиннің тағы бір ескерткіші ашылды

19 шілдеде Ресейдің Вологда облысындағы Череповец қаласында совет диктаторы Иосиф Сталин бейнеленген жаңа ескерткіш ашылды. Монумент облыс губернаторы Георгий Филимоновтың бастамасымен қала бюджеті есебінен орнатылды.

Ескерткіште Сталин мен металлург Иван Бардин бейнеленген. Ашылу рәсіміне губернатормен бірге "Түнгі қасқырлар" мотоклубының жетекшісі Александр Залдостанов және билікшіл партиялардың жақтастары қатысқан.

Филимонов Сталин мен Бардинді Череповецті ірі өнеркәсіп орталығына айналдырған тарихи тұлғалар деп атап, қала көшелерінің біріне Сталиннің есімін беру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.

Аймақтық БАҚ мәліметінше, 2024 жылдың аяғынан бері Вологда облысында Сталинге осымен төртінші ескерткіш ашылған. Кейінгі жылдары Ресейдің өзге өңірлерінде де мұндай монумент саны артып келеді.
Тарихшылардың бағалауынша, Сталин билігі кезінде Совет одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады.

Сталин кезіндегі зұлматтан жапа шеккендер арасында совет өкіметі малын тартып алып аштан қырылған, "халық жауы" деген айдар тағылып айдалған, атылған қазақтар да бар.

Ресейде Сталинге қойылған ескерткіштердің басым бөлігі Владимир Путин билігі кезеңінде орнатылған, әсіресе 2014 жылдан кейін олардың саны екі есе өскен.
🤬 25
💩 13
1
🥰 1
1 1.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

10.8K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram