avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 13:34
1 қыркүйекте мектеп аумағында мұғалімдерге гүл мен өзге де сыйлықтар беруге рұқсат етілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

«Мектеп қабырғасында гүл мен қандай да бір сыйлықтар тарту етуге рұқсат етілмейді. Сондықтан бұған ешқандай қажеттілік жоқ», – деді ол.


Сондай-ақ Білім күні барлық мектепте шамамен 45 минуттық бірыңғай сынып сағаттары, ал колледждерде кураторлық сағаттар өтеді.
🔥 10
💯 2
🤔 1
5 698
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 11:13
Оқушы мектепке макияжбен келсе, ата-анаға айыппұл салына ма?

Мектеп формасына қойылатын талаптарда макияжға тікелей тыйым жоқ. Алайда мектеп өз жарғысы мен ішкі тәртіп ережесінде оған шектеу қоя алады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тек макияж үшін ата-анаға айыппұл салынбайды. Әкімшілік жауапкершілік мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзған жағдайда қарастырылады.
💅 3
👍 2
😁 2
2 816
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 10:50
Құрылтайда спикердің үш орынбасары анықталды.

Олар – Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Закиева.
👍 68
👎 2
🤡 2
🤯 1
💩 1
2 748
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 10:01
👍 58
🤡 5
🤯 1
759
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 07:06
Президент Құрылтайдың тарихи мәні мен депутаттарға жүктелетін міндеттерді атап өтті

🔹Партиялар өзінің әлеуетін толық көрсетті. Өз бағдарламасын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жеткізе білді. Науқанға қатысқан барлық партияның ұсыныстары жұртшылықтың назарын аударды, қоғамдық өмірге үлкен серпін берді. Көптеген байқаушылар партиялардың арасында ашық бәсеке болғанын айтты

🔹 Болашақта партиялардың билік жүйесіндегі ықпалы да күшейе түседі. Әр науқан сайын олардың рөлі арта бермек

🔹 Сайлауда «Әділет» партиясы басым дауыспен жеңіске жетіп, Құрылтайда конституциялық көпшілікті құрап отыр. Сондықтан «Әділет» партиясына қойылатын талап та, артылатын үміт те, сенім де аса жоғары

🔹 Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет

🔹 Реформаның арқасында тарихи тамыры тереңде жатқан Құрылтай ұғымы қайта жаңғырды. 
👍 67
🙏 2
🤡 2
873
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 06:54
Президент Құрылтай спикері қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды.

«Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын.», – деді Президент.
👍 70
🤡 3
😁 1
718
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 06:51
Құрылтайдың алғашқы сессиясында Президентіміз не туралы айтты? Кейбір маңызды тұстар:

- Депутаттарға қойылатын қоғам талабы әрдайым жоғары болады. Қазіргі кезең – құр уәде, жалған сөздер мен популистік ұрандардың уақыты емес. Қоғамымыз кемелдікке бет алып келеді.

- Депутаттар сайлаушылардың аманаттарын орындап, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – бұлжымас қағида.

- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жаһандық және өңірлік бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өз миссиясын орындауды тоқтатты.

- Болашақта ядролық қарудың орнын жасанды интеллект құралдары басуы мүмкін деген болжам айтылды.

- Мұның бәрі әлемдік дамуда заңдылық пен логиканың жоқтығын көрсетеді. Оның болашақ ұрпақ үшін салдары аса ауыр болуы мүмкін.

- Реформаларымыздың қарқыны мен ауқымы қайтымсыз деңгейге жетті. Қарапайым тілмен айтқанда, артқа шегінер жол жоқ.

- Қазақстан біртіндеп үлкен құрылыс алаңына айналып келеді. Алайда ауқымды құрылысқа қомақты инвестициялар, соның ішінде мемлекеттік инвестициялар қажет.
👍 55
🤡 3
1 735
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 06:17
Tengri.kz Үкімет ресми түрде отставкаға кетті. Бұл Конституцияда белгіленген тәртіп – жаңа Парламент жұмысын бастаған кезде Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Сонымен қатар жаңа Үкімет құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Үкімет өз міндеттерін атқара береді. Бұл туралы Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды. Бұған дейін Президент Үкіметтің жұмысына баға беріп, оның құрамында бірқатар өзгеріс болатынын айтқан еді. «Үкіметтің жұмысына алаңдауға немесе, әсіресе, оның жұмысына көңілі толмауға ешқандай негіз жоқ. Министрлер де, Үкімет басшысы да тырысып жатыр. Алайда кадрлық өзгерістер әрдайым қажет, өйткені бұл Үкіметке жаңа күш береді», – деді Мемлекет басшысы. Еске салайық, Бектенов басқарып отырған Үкімет 2024 жылдың ақпанында, Президент Тоқаев Смайылов бастаған Үкіметті отставкаға жібергеннен кейін тағайындалған.
Барлық депутат өз орнында. Құрылтайдың алғашқы сессиясы басталды. Президент сөз сөйлеп жатыр.

Онлайн-трансляцияны мына сілтемеден көре аласыздар.
👍 65
🤡 2
1K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 06:15
Үкімет ресми түрде отставкаға кетті. Бұл Конституцияда белгіленген тәртіп – жаңа Парламент жұмысын бастаған кезде Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады.

Сонымен қатар жаңа Үкімет құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Үкімет өз міндеттерін атқара береді. Бұл туралы Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Бұған дейін Президент Үкіметтің жұмысына баға беріп, оның құрамында бірқатар өзгеріс болатынын айтқан еді.

«Үкіметтің жұмысына алаңдауға немесе, әсіресе, оның жұмысына көңілі толмауға ешқандай негіз жоқ. Министрлер де, Үкімет басшысы да тырысып жатыр. Алайда кадрлық өзгерістер әрдайым қажет, өйткені бұл Үкіметке жаңа күш береді», – деді Мемлекет басшысы.


Еске салайық, Бектенов басқарып отырған Үкімет 2024 жылдың ақпанында, Президент Тоқаев Смайылов бастаған Үкіметті отставкаға жібергеннен кейін тағайындалған.
👍 57
🤡 2
1.2K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 05:40
Tengri.kz Видео: Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Непалдан Қытайға өткен туристік топ құрамында болған. ҚР СІМ оның қазіргі орналасқан жері белгісіз екенін, іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Дипломаттар жергілікті органдармен байланыста.
Непалдағы табиғи апаттан кейін екі қазақстандық әйелді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, екі қазақстандық Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат болған аймақта болуы мүмкін.

Бұған дейін олардың бірінің туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өткендігі хабарланған. Қазір ҚР СІМ жергілікті билікпен бірлесіп іздеу жұмыстарын жүргізіп, әйелдердің туыстарымен байланыста.

БАҚ мәліметінше, Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 392 адамға жеткен, тағы 1400-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен.
😱 5
🙏 2
1 1.2K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
27.08.2026 15:55
Ердоған Президентімізді Түркияда өтетін бірқатар маңызды жоғары деңгейдегі кездесулерге шақырды.

Тоқаев шақыруды қабыл алды.
👍 78
🤡 3
1.2K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
27.08.2026 11:43
Tengri.kz Видео: Непалда жойқын су тасқыны 26 тамыз күні таңертең елдің солтүстігіндегі Расува ауданында басталды. Қуатты су ағыны Бхоте-Коси өзенінен асып, бірнеше елді мекенді басып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 157 адам қаза тапты, 400-ден астам турист хабар-ошарсыз кеткен. Су тасқыны үйлерді, жолдар мен энергетикалық нысандарды қиратып, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Апатқа жер сілкінісі салдарынан болған көшкін себеп болуы мүмкін.
Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Непалдан Қытайға өткен туристік топ құрамында болған.

ҚР СІМ оның қазіргі орналасқан жері белгісіз екенін, іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Дипломаттар жергілікті органдармен байланыста.
😱 7
🙏 4
2 1.3K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
27.08.2026 11:11
Атырау облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) алғашқы жағдайы тіркелді.

Науқас екі аптадан астам уақыт бұрын анықталған. Онымен байланыста болғандардың арасында жаңа жағдай тіркелмеді. Өңірге мамандар жіберіліп, эпидемиологиялық тексеру және алдын алу шаралары жүргізілді.

Мамандардың айтуынша, вирус адам арасында ауру жағдайлары болмаса да, жануарлар мен кенелер арасында таралуы мүмкін. Ошақтардың белсенділігі климатқа, кенелердің санына және жануарлардың қозғалысына байланысты.
🤯 3
🙏 1
1.1K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
27.08.2026 09:38
Депозит сыйақысына 5% салық салына ма?

Ұлттық экономика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстанда жеке тұлғалардың банктегі депозиттері бойынша алатын сыйақысына жеке табыс салығы салынбайды.

Үкімет депозит сыйақыларына салық енгізуді қарастырып жатқан жоқ.
🔥 3
2 1.2K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
27.08.2026 08:27
Жақында Түркістан облысында әйелге шабуыл жасалды. Леңгір қаласында түнде екі белгісіз адам жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оны ұрып-соғып, телефонын алып кеткен.

Күдіктілер ұсталды. Олар Төлеби ауданының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.
😱 7
🔥 3
🤨 1
😭 1
1 1.1K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
27.08.2026 05:50
Құрылтайдың қалған 110 депутатының есімдері жарияланды. “Әділет” партиясы өз тізімін жариялады.
👍 71
💩 3
🤡 3
🤯 2
991
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
27.08.2026 04:45
Непалда жойқын су тасқыны 26 тамыз күні таңертең елдің солтүстігіндегі Расува ауданында басталды. Қуатты су ағыны Бхоте-Коси өзенінен асып, бірнеше елді мекенді басып қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 157 адам қаза тапты, 400-ден астам турист хабар-ошарсыз кеткен. Су тасқыны үйлерді, жолдар мен энергетикалық нысандарды қиратып, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Апатқа жер сілкінісі салдарынан болған көшкін себеп болуы мүмкін.
😱 9
2 1.2K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
26.08.2026 14:25
Respublica партиясынан депутаттар:

1. Айткулов Бекжан Бахтыбекович
2. Идрисов Руслан Рашитович
3. Касымбаев Мейрхат Мейрамханович
4. Куспеков Олжас Хайроллаевич
5. Наумова Динара Рустамовна
6. Смолякова Екатерина Сергеевна
7. Тау Нургуль
8. Хасенов Махамбет Кабдулкаирович
9. Ходжаназаров Айдарбек Асанович
👍 8
🤡 4
🤯 1
2 1.2K
avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
26.08.2026 13:58
“Ақ жол” партиясынан 8 депутат:

1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаевич
2. Бибаев Бақытбек Сальбекович
3. Еспаева Дания Мадиевна
4. Қожахметов Асылхан 6. Төлеббергенович
5. Ли Юрий Виссарионович
6. Нуралдинов Олжас Елтаевич
7. Шынасилова Мейраш
8. Юсупов Ермеккали Төлепқалиевич
🤡 3
🤯 1
2 1.2K

Tengri.kz

9.9K
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Открыть в Telegram