Непалдағы табиғи апаттан кейін екі қазақстандық әйелді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, екі қазақстандық Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат болған аймақта болуы мүмкін.
Бұған дейін олардың бірінің туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өткендігі хабарланған. Қазір ҚР СІМ жергілікті билікпен бірлесіп іздеу жұмыстарын жүргізіп, әйелдердің туыстарымен байланыста.
БАҚ мәліметінше, Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 392 адамға жеткен, тағы 1400-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен.
😱5
🙏2
1 1.2K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram