avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
28.08.2026 06:51
Құрылтайдың алғашқы сессиясында Президентіміз не туралы айтты? Кейбір маңызды тұстар:

- Депутаттарға қойылатын қоғам талабы әрдайым жоғары болады. Қазіргі кезең – құр уәде, жалған сөздер мен популистік ұрандардың уақыты емес. Қоғамымыз кемелдікке бет алып келеді.

- Депутаттар сайлаушылардың аманаттарын орындап, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – бұлжымас қағида.

- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жаһандық және өңірлік бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өз миссиясын орындауды тоқтатты.

- Болашақта ядролық қарудың орнын жасанды интеллект құралдары басуы мүмкін деген болжам айтылды.

- Мұның бәрі әлемдік дамуда заңдылық пен логиканың жоқтығын көрсетеді. Оның болашақ ұрпақ үшін салдары аса ауыр болуы мүмкін.

- Реформаларымыздың қарқыны мен ауқымы қайтымсыз деңгейге жетті. Қарапайым тілмен айтқанда, артқа шегінер жол жоқ.

- Қазақстан біртіндеп үлкен құрылыс алаңына айналып келеді. Алайда ауқымды құрылысқа қомақты инвестициялар, соның ішінде мемлекеттік инвестициялар қажет.
👍 55
🤡 3
1 735

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Tengri.kz

9.9K
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Открыть в Telegram