Үкімет ресми түрде отставкаға кетті. Бұл Конституцияда белгіленген тәртіп – жаңа Парламент жұмысын бастаған кезде Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады.
Сонымен қатар жаңа Үкімет құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Үкімет өз міндеттерін атқара береді. Бұл туралы Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Бұған дейін Президент Үкіметтің жұмысына баға беріп, оның құрамында бірқатар өзгеріс болатынын айтқан еді.
«Үкіметтің жұмысына алаңдауға немесе, әсіресе, оның жұмысына көңілі толмауға ешқандай негіз жоқ. Министрлер де, Үкімет басшысы да тырысып жатыр. Алайда кадрлық өзгерістер әрдайым қажет, өйткені бұл Үкіметке жаңа күш береді», – деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, Бектенов басқарып отырған Үкімет 2024 жылдың ақпанында, Президент Тоқаев Смайылов бастаған Үкіметті отставкаға жібергеннен кейін тағайындалған.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram