avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
27.08.2026 11:43
Tengri.kz Видео: Непалда жойқын су тасқыны 26 тамыз күні таңертең елдің солтүстігіндегі Расува ауданында басталды. Қуатты су ағыны Бхоте-Коси өзенінен асып, бірнеше елді мекенді басып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 157 адам қаза тапты, 400-ден астам турист хабар-ошарсыз кеткен. Су тасқыны үйлерді, жолдар мен энергетикалық нысандарды қиратып, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Апатқа жер сілкінісі салдарынан болған көшкін себеп болуы мүмкін.
Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Непалдан Қытайға өткен туристік топ құрамында болған.

ҚР СІМ оның қазіргі орналасқан жері белгісіз екенін, іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Дипломаттар жергілікті органдармен байланыста.
😱 7
🙏 4
2 1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Tengri.kz

9.9K
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Открыть в Telegram