1 қыркүйекте мектеп аумағында мұғалімдерге гүл мен өзге де сыйлықтар беруге рұқсат етілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.
«Мектеп қабырғасында гүл мен қандай да бір сыйлықтар тарту етуге рұқсат етілмейді. Сондықтан бұған ешқандай қажеттілік жоқ», – деді ол.
Сондай-ақ Білім күні барлық мектепте шамамен 45 минуттық бірыңғай сынып сағаттары, ал колледждерде кураторлық сағаттар өтеді.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram