avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
18.04.2026 12:19
💬🙂‍↕️ "АҚШ "нағыз демократияны" Беларусьтен үйренсін"

Мұны ел президенті Александр Лукашенко айтты.

Оның сөзінше, Беларусьте Америкадан жүз есе артық демократия бар.

"Мұны бұрыннан айтып келемін: АҚШ демократияны бізден үйренуі керек. Бізде жүз есе көп демократия бар. Шынайы демократия бар және нақты адам құқықтары қорғалған", - деді ол.


Оған қоса Лукашенко Батыста "демократия мен адам құқықтары туралы тек сөз жүзінде айтылады" дейді.

@stankznews
🤣 6
😁 4
👍 2
🔥 2
1 438
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
18.04.2026 10:26
АҚШ Ресей мұнайын сатуға рұқсат беретін лицензияны тағы бір айға ұзартты

Мұны елдің Қаржы министрлігі мәлімдеді. Бұл рұқсат 17 сәуірге дейін кемелерге тиелген мұнайға ғана қатысты. Демек кемелерге бұрын салынған мұнайды сатуға әлі де мүмкіндік бар. Ал жаңа жеткізілімдер бұл жеңілдікке кірмейді.

Десе де бұл лицензия Иранға немесе ирандық тауарлар мен қызметтерге қатысты операцияларға қолданылмайды.

Бұған дейін Трамп Ресей мұнайын сатып алуға қатысты санкцияларды 11 сәуірге дейін алып тастаған еді.

@stankznews
👍 1
621
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
18.04.2026 09:01
🇰🇿🌐 Жұма күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды

🔶
9 мамырда КСРО туын ілуге тыйым салынған, сауалға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

🔶 Талдықорғанда 23 жастағы дзюдошы қыз көз жұмды, марқұмның жақындары оның өліміне аурухананы кіналайды

🔶
Қазақстанда ең төменгі жалақы өссе, мобильді аударымдарға қойылатын талап қайта қаралуы мүмкін

🔶 Оралда екі ер адам әйелдер дәретханасында ұсталып қалып, соққыға жығылды, ал полиция соққыға жыққан адамның үстінен іс қозғады

🔶
Қазақстанда келесі жылдан бастап Ұлттық біріңғай тестілеу тек бір рет өткізіледі, білім саласында бірқатар шара қабылданады

🔶
Ақтөбе облысында бір айға жуық із-түссіз жоғалы кеткен 9 жастағы баланың денесі табылды

@stankznews
759
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 21:30
Министрлік “Қыз Жібектің” қамзолы Баян Алагөзованың қолына қалай түскенін тексереді

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде өз гардеробына "Қыз Жібек" фильміндегі Жібектің қамзолы қосылғанын айтып видео жариялады.

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары тарихи жәдігердің кім көрінгеннің қолында жүргенін сынға алды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, "Қазақфильм" киностудиясының ресми қорында Жібек кейіпкерінің бір түпнұсқа қамзолы сақтаулы.

"Бұл экспонат ұлттық кинематографияның маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалады. Продюсердің жазбасында айтылған екінші камзолдың жеке меншікке қалай өтіп кеткені анықталып жатыр", — делінген хабарламада.


@stankznews
😁 8
5
🤔 3
😡 3
3 2 1.2K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 19:22
Жаңалықтар - Stan.kz Фото: АҚШ-Иран келіссөзі сәтсіз аяқталды Исламабадта 21 сағатқа созылған келіссөздер нәтиже бермеді. Джей Ди Вэнс мәлімдеуінше, Иран ядролық қарудан бас тартуға нақты міндеттеме бермеген. Негізгі түйткілдер ядролық бағдарлама және Ормуз бұғазы мәселесі болды. АҚШ – бірлескен бақылауды ұсынса, Иран толық бақылау мен төлем талап етеді. Осылайша, тараптар бейбіт келісімге келе алмады, келіссөздер тығырыққа тірелді. @stankznews
🇮🇷Иран Ормуз бұғазының толықтай ашылғанын мәлімдеді

Иран атысты тоқтату кезеңі аяқталғанға дейін Ормуз бұғазын барлық коммерциялық кемелер үшін ашты.

Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді.

"Ливандағы атысты тоқтату режиміне сәйкес, Ормуз бұғазы барлық коммерциялық кемелер үшін бітімнің қалған мерзімі бойынша толық ашық деп жарияланады", — делінген министрдің X әлеуметтік желідегі жазбасында.


Аракчидің айтуынша, кемелер бұған дейін Иранның порттар және теңіз кеме қатынасы ұйымы бекіткен "келісілген бағыт" бойынша жүре алады.

@stankznews
👍 6
2
🔥 1
1.2K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 18:11
Зообақта арыстандарға тиіскен азаматқа айыппұл салынды

Оқиға Алматыда қалалық зообақта болған. Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрдан жігіттің арыстанға тас лақтырғанын көруге болады.

Кейін полиция оны ұстап, бөлімшеге жеткізген. Оған қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот ер адамды кінәлі деп танып, 20 АЕК (86 500 теңге аралығында) айыппұл салынды.

@stankznews
👏 10
1
😁 1
🥱 1
3 3 1.3K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 17:45
“Атырау” футбол клубы сатылымға шығарылды

Футбол клуб нарық бағасынан үш есе арзанға кетті.

Лот Sauda платформасына орналастырылған. Нысанның бастапқы бағасы 75 242 400 теңге.

Клубы сатып алуш оның қызметін сақтап, барлық шығындарды өзі өтеуі тиіс. Сонымен қатар Қазақстан чемпионатына қатысуын қамтамасыз етіп, жыл сайын тәуелсіз аудит жүргізуі міндетті.

Оған қоса инвестор 1 миллиард теңгеге футбол академиясын салып, балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуы керек. Үш жыл ішінде тәрбиеленушілер санын 1 000 адамға жеткізу талабы да бар.

@stankznews
3
😁 1
2 1.2K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 16:38
💔 18 күн іздеуде болған 9 жастағы баланың денесі табылды

Баланың аты-жөні - Мансұр Саматов. Ол 29 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Сол күннен бастап оған жақындары іздеу салған.

Баланың денесі бүгін Мәртөк ауданындағы Ілек өзенінен, шамамен жағадан 3 метр қашықтықта табылған.

@stankznews
💔 13
😢 10
1
2 1 1.3K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 15:37
📌 Келер жылдан бастап ҰБТ тек бір рет өткізіледі

Мұны вице-премьер Аида Балаева мәлімдеді.

Оның сөзінше, университеттер дарынды талапкерлерді еркін таңдай алмай отыр. Бұл әсіресе педагогикалық мамандықтарға қатысты ЕКЕН. Осылай деген министр қабылданатын шараларды атады:

🔶 Педагогикаға қабылдауда тестпен қатар ауызша емтихандар енгізіледі;

🔶 Ұлттық біріңғай тестілеу форматы өзгеріп, тек бір рет тапсыру бекітіледі;

🔶 Университеттерге дайындық бағдарламалары (Foundation) арқылы шартты түрде қабылдау жүйесінен бас тартылады.

@stankznews
👏 8
🔥 2
1
1 7 1.4K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 14:33
Әзірге елімізде әжетхана басты тақырыптан түспей тұр...

Кеше Қарағандыда іздеуде жүрген адам 5 жыл бойы дәретханаға жасырынып келгенін жазған едік. Енді бұл жолы Оралда екі ер адам әйелдер әжетханасында ұсталды. Олардың іште не істеп жүргені белгісіз... Десе де оларды үш ер адам шығарып алып, соққыға жыққан.

Оқиға 17 ақпанда бір барда болған екен. Желіде тараған видеодан үш ер адамның есікті күштеп ашып, адамдарды ұрғанын көруге болады.

Ал полиция қылмыстық іс қозғады. Соққы жасаған ер адамның жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір жәбірленушілердің кім екені және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ВИДЕО: Криминальный Казахстан

@stankznews
🤣 6
3
3 4 1.4K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 13:45
Жаңалықтар - Stan.kz 📉 Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өспек Мұны Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді. Қазір халықтың табысын арттыру мәселесі қаралып жатыр екен. Министрлік мәліметінше, көптеген елде ең төменгі жалақы медианалық жалақының 50%-ына дейін жетеді. Демек жақын уақытта ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін өседі деген сөз. Алайда қашан өсетіні әзірге айтылмады. Ол бюджет мүмкіндігіне байланысты екен. @stankznews
 Естеріңізде ме

Алдын ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсуі мүмкін екенін айтқан едік. Енді Қаржы министрлігі соған сәйкес мобильді аударымдарға қойылатын талап қайта қаралады дейді.

Қазір мобильді аударымдарды тексеру мына критерийлерге сай жүргізіледі:

🔶 100 және одан көп адамнан аударым;

🔶 3 ай ішінде;

🔶 1 020 000 теңгеден асса.

Қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Соған сәйкес тексеріс аударым сомасы 1 020 000 теңгеден асса ғана жүргізіледі.

Егер ең төмен жалақы 150 000 теңгеге өссе, шекті сома 1 800 000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.

Бәсе, осындайы бар еді ғой... 😁

@stankznews
🤣 10
😁 3
1
3 1.4K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 12:56
Алаяқтардан қорқып қалғаны соншалық, полицияға да сенбеген...

Алматы тұрғынына алаяқтар хабарласып, «құпия тергеу» жүргізетінін айтқан. Сосын түрмеге түсетінін жеткізіп, психологиялық қысым көрсеткен. Ал әйелдің қорыққаны соншалық, өзіне көмекке келген полицейлерден қашқан.

Алаяқтар болса сол сәтті пайдаланып, әйелді ірі көлемде несие рәсімдеуге көндірмек болған. Ақырында полиция қауіптің алдын алды.

@stankznews
😢 9
🤣 8
4
🤔 1
1 4 1.5K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 12:02
💔 23 жастағы дзюдошы қыз көз жұмды

Ол Талдықорғандық спортшы Аян Тұрдыбек

Марқұм ауырған түні бірден жедел жәрдем шақырылған. Ал келген бригада науқасты тексеріп, тамағын қарап, ыстық түсіретін дәрі іш деген де, кетіп қалған. Кейін жағдайы нашарлаған соң облыстық ауруханаға жеткізілген.

Онда дәрігерлер науқасты инфекциялық ауруханаға жолдаған. Онда қызға екі рет дәрі тамызғыш қойылған. Қыздың жағдайы уақытша жақсарған. Кейін қайта нашарлап, өңі бозарып, ерні көгерген.

Ол стационарлық емге жіберілген. Алайда кейін жағдайы қайта нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Марқұм сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Марқұмның туыстары медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеді дейді. Ал қыздың өлім себебі “белгісіз заттан улану” деп көрсетіліпті.

Қазір іс бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, Аян Тұрдыбек күреспен айналысып, самбодан өңірлік жарыстарға қатысқан.

@stankznews
💔 8
😭 6
3
😨 1
2 1.5K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 10:59
Жағалаудан белгісіз жануардың өлексесі табылды

Ол Ұлыбританиядағы Англси аралы жағалауынан табылған. Өлексе жағажайда дауылдан кейін пайда болған. Жануардың төрт аяғы мен тұяқтары бар. Ал терісі ішінара жүнмен жабылған. Алайда қатты шіріп кеткен соң оның нақты қандай жануар екенін анықтау қиын болып жатыр.

Ал оның фотосы желі тарап. Көпшілік оның жаратылысына қатысты әртүрлі болжам жазып жатыр. Олар мұны бұғы, сиыр, лама немесе альпаканың өлексесі болуы мүмкін дейді.

Ал сіз қандай болжам ұсынасыз? 🤔🤭

@stankznews
🤷‍♂ 3
🤔 2
🤯 2
👻 1
2 4 1.5K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 10:41
😍 Қысқы ұйқыдан енді оянған аю фотоға түсіп қалды

Бұл кадрлар Қатон-Қарағай ұлттық саябағында түсірілген. Фототұзаққа қоңыр аю ғана емес, маралдар да түсіп қалған.

Табиғаттың тамашасын назарыңызға ұсынамыз 😍

@stankznews
👍 4
😍 3
2
👏 2
🔥 1
🤩 1
1 2 1.4K
avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 09:36
❓🤔 9 мамырда КСРО туын ілуге тыйым салынған ба

Кей қазақстандықтар 9 мамырда КСРО туы мен Әулие Георгий лентасымен көшеге шығады. Дегенмен мұндай әрекет қоғамда дау тудырады. Мұндай рәміздерге тыйым салуды талап ететіндер де бар.

Ал ел билігі Жеңіс рәміздерін пайдалануға тыйым салмайтынын айтты. Десе де олар азаматтарға заң талаптарын сақтау, зорлық-зомбылық пен экстремизмді насихаттамау керегін ескертті.

Жеңіс күні мерекесі жақындаған сайын Георгий лентасы туралы пікірталастар күшейе береді. Желі қолданушылары бұл рәмізді Қырымды аннексиялау кезінде ресейшіл күштер қолданғанын айтты.

Оның үстіне соңғы жылдары елімізде Георгий лентасының орнына ұлттық нақыштағы көк «Жеңіс лентасы» қолданылып келеді.

Ал сіз қалай ойлайсыз жалпы "Жеңіс лентасы" бізге керек пе?

@stankznews
🤬 6
💩 4
2
🖕 2
👍 1
👻 1
6 2 1.4K

Жаңалықтар - Stan.kz

16.2K
Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.

Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot
Открыть в Telegram