avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 12:02
💔 23 жастағы дзюдошы қыз көз жұмды

Ол Талдықорғандық спортшы Аян Тұрдыбек

Марқұм ауырған түні бірден жедел жәрдем шақырылған. Ал келген бригада науқасты тексеріп, тамағын қарап, ыстық түсіретін дәрі іш деген де, кетіп қалған. Кейін жағдайы нашарлаған соң облыстық ауруханаға жеткізілген.

Онда дәрігерлер науқасты инфекциялық ауруханаға жолдаған. Онда қызға екі рет дәрі тамызғыш қойылған. Қыздың жағдайы уақытша жақсарған. Кейін қайта нашарлап, өңі бозарып, ерні көгерген.

Ол стационарлық емге жіберілген. Алайда кейін жағдайы қайта нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Марқұм сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Марқұмның туыстары медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеді дейді. Ал қыздың өлім себебі “белгісіз заттан улану” деп көрсетіліпті.

Қазір іс бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, Аян Тұрдыбек күреспен айналысып, самбодан өңірлік жарыстарға қатысқан.

@stankznews
💔 8
😭 6
3
😨 1
2 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Жаңалықтар - Stan.kz

16.2K
Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.

Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot
Открыть в Telegram