avatar
Жаңалықтар - Stan.kz
@stankznews
17.04.2026 21:30
Министрлік “Қыз Жібектің” қамзолы Баян Алагөзованың қолына қалай түскенін тексереді

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде өз гардеробына "Қыз Жібек" фильміндегі Жібектің қамзолы қосылғанын айтып видео жариялады.

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары тарихи жәдігердің кім көрінгеннің қолында жүргенін сынға алды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, "Қазақфильм" киностудиясының ресми қорында Жібек кейіпкерінің бір түпнұсқа қамзолы сақтаулы.

"Бұл экспонат ұлттық кинематографияның маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалады. Продюсердің жазбасында айтылған екінші камзолдың жеке меншікке қалай өтіп кеткені анықталып жатыр", — делінген хабарламада.


@stankznews
😁 8
5
🤔 3
😡 3
3 2 1.2K

Обсуждение 3

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Жаңалықтар - Stan.kz

16.2K
Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.

Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot
Открыть в Telegram