“Атырау” футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол клуб нарық бағасынан үш есе арзанға кетті.
Лот Sauda платформасына орналастырылған. Нысанның бастапқы бағасы 75 242 400 теңге.
Клубы сатып алуш оның қызметін сақтап, барлық шығындарды өзі өтеуі тиіс. Сонымен қатар Қазақстан чемпионатына қатысуын қамтамасыз етіп, жыл сайын тәуелсіз аудит жүргізуі міндетті.
Оған қоса инвестор 1 миллиард теңгеге футбол академиясын салып, балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуы керек. Үш жыл ішінде тәрбиеленушілер санын 1 000 адамға жеткізу талабы да бар.
@stankznews
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram