avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 23:32
⚜️ «Qazaqstan» телеарнасына Финляндия елшісі Янне Хейсканен сұхбат берді

Бағдарлама барысында елші екі ел арасындағы ынтымақтастық, халықаралық қатынастар және өз қызметі туралы баяндады.

�� Жақында «Дипломат» бағдарламасында.
🔥 4
2 373
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 22:03
��Екі қайтыс болған донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

Қазақстанда бір мезгілде екі мультиағзалық донорлық процесс жүзеге асырылды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, мұндай жағдай сирек кездеседі.

Донорлардың бірі – Астанада, 1981 жылғы әйел. Ми өлімі тіркеліп, қайтыс болғаннан кейін оның туыстары донорлыққа келісім берген. Әйелдің жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек секілді ағзалары әртүрлі өңірдегі реципиенттерге, соның ішінде Астана, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ оңтүстік өңірлерге трансплантатталған.
12
❤‍🔥 1
🕊 1
💔 1
3 782
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 21:31
��TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті

Экология және абаттандыру туралы шағымдарды тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін TazaQazBot Telegram чат-ботына жыл басынан бері тұрғындар 4 мыңнан астам өтінім жіберген. Бүгінде олардың басым бөлігі орындалды, - дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

✔️Тұрғындар чат-бот арқылы аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру және су айдындарын тазарту сияқты бағыттар бойынша шағым түсіре алады.

✔️Өтінім жолдау үшін Telegram қосымшасында чат-ботқа кіріп, авторизациядан өтіп, мәселенің фотосын тіркеп, нақты мекенжайын көрсетіп, қысқаша сипаттама қалдыру жеткілікті. Өтінім автоматты түрде тиісті органдарға жолданады.

❇️Былтыр чат-бот арқылы 26 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 24 мыңнан астамы сәтті орындалған. Онда көбінесе аумақтарды тазалау бойынша шағымдар түскен.
4
🔥 1
👌 1
3 799
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 18:55
Алматыда «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтіп, жаңа кітап таныстырылды.

Шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д, профессор Намазалы Омашев, ҚР Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ернұр Бурахан, «Шалқар» радиосының ардагерлері мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты жиын Мемлекет басшысының құттықтау хатымен ашылды. Сенат және Мәжіліс төрағалары, Мемлекеттік Кеңесші, Премьер-министр, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі де құттықтауларын жолдады.

��Радионың дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлерге марапат табысталды.
Арнаның 60 жылдығына орай жарық көрген «Ұлттың үнбайрағы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Оған радио ардагерлері Сауық Жақанова, Руслана Құдайбергенова, Құсман Игісінов, Намазалы Омашев, Әшірхан Телғозиев, «Асыл кітап» баспасының директоры Жасұлан Сейдахметов қатысып, сөз сөйледі.

Сонымен қатар мерейтой аясында қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның Құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мина Сейітова атындағы дикторлар байқауы жарияланды. Байқау шарттары туралы толық ақпарат «Шалқар» радиосының сайтында.

Наурыз айының басында Алматы қаласындағы «Радио үйі» ғимаратында толық жөндеуден өткен студия ашылып, оған қазақтың тұңғыш радиодикторы Мина Сейітованың есімі берілді.

Мерейтойлық шара барысында «Шалқар» радиосында әр жылдары еңбек еткен ардагерлер және қонақтар естеліктерін айтып, әсерлі кештің куәсі болды.
4 1.1K
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 17:21
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады

Кездесу барысында Еуразиялық даму банкінің соңғы жиырма жылда атқарған жұмыс нәтижесі және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы қаржы институтының негізі қаланғанына 20 жыл толуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкі стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруда Қазақстанның басты серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

Николай Подгузов Мемлекет басшысына ЕАДБ болжамын таныстырды. Соған сәйкес, биыл еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды. Бұған инвестицияның қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, сондай-ақ ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы әсер етеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Николай Подгузов Қазақстан экономикасын орнықты дамыту мақсатында стратегиялық серіктестік пен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.
2
3 952
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 17:08
Ғылымда жас ғалымдардың үлесі артып келеді

Елімізде 28 мыңға жуық ғылыми қызметкер бар, оның 48 пайызы – 40 жасқа толмаған жастар.

Ғылым қызметкерлері күніне орай Ұлттық ғылым академиясында өткен жиында отандық ғылымды насихаттау мен инновациялық жетістіктерді таныстыру көзделді. Көрмеде ғалымдардың зерттеулері мен жобалары, сондай-ақ «Ғылым қоры» қолдаған коммерциялық жұмыстар ұсынылды.

Шара барысында ғылымға үлес қосқан ғалымдар мен жас зерттеушілер марапатталды.
6
7 830
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 16:30
«Президентті көргенде жылап жібере жаздадым»

Тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Ақмарал Бейсембаева Президентті алғаш көргендегі әсерін айтты.

«Мен өте бақыттымын. Себебі біз тек материалдық марапат алып қана қойған жоқпыз. Сонымен қатар Мемлекет басшысымен кездестік. Бұл өмір бойы есте қалатын оқиға. Енді алдағы уақытта талпынып, профессор болуға ұмтыламын», - деді Ақмарал Бейсембаева.


Айта кетейік, бүгін бір топ жас ғалым Президенттің қолынан пәтер кілттерін алды. Олардың қатарында Ақмарал Бейсембаева да бар.

Толығырақ сенбі 17:40-та «Ақорда» бағдарламасынан көре аласыздар.
🤣 7
❤‍🔥 2
1
😢 1
💔 1
2 883
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 16:02
11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.
3
2 850
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 15:31
⛈Шығыста қар, батыста жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аумағында құбылмалы ауа райы сақталады.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей өңірлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Ал 11 сәуірге қараған түні шығыста қар жауады. Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша тұман түсуі ықтимал.
3
1 925
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 15:03
Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді.
👏 10
2
2 871
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 15:03
БҚО-да 3 айда 411 адамды ит қапқан

Тұрғындардың айтуынша, бұралқы иттер мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Бұған дейін ит шабуылынан зардап шеккен жағдайлар да тіркелген.

Қазір ит аулау жұмыстары ветеринарлық стансадан коммуналдық қызметке берілген. Бұл қызметпен жеке кәсіпкерлер айналысады.

Мамандардың мәліметінше, күн сайын 15–20 ит ауланып, тексерістен кейін қайта ортаға жіберіледі. Ал агрессивті, адамға шабуыл жасаған иттерге қатысты арнайы шаралар қолданылады.
😱 5
1 849
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 14:21
Президент: Соңғы 5 жылда ғылым саласына бөлінген қаржы 6 еседен асты

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту – елдің стратегиялық міндеті екенін атап өтті. Биыл елде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланған.

Соңғы 5 жылда ғылымға бөлінетін қаржы 6 есеге артқан. Зерттеу университеттері көбейіп, ғылыми жобаларға инвестиция салатын бизнеске салық жеңілдіктері енгізілген.

Президент жас ғалымдарға жағдай жасау маңызды екенін айтты. Қазір 600-ден астам жас зерттеуші баспанамен қамтылып, арнайы гранттар бөлінуде. Олар шетелдің жетекші ғылыми орталықтарында тәжірибе жинап жүр.
3
1 828
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 14:21
Берлинде өткен жартылай марафонда ақтөбелік жеңіске жетті

Ақтөбелік Владимир Михайлов Берлинде өткен ірі жартылай марафонда өз жас санатында жеңімпаз атанды. Марафонға әлемнің түкпір-түкпірінен 42 мыңнан астам қатысушы шыққан.

Ақтөбелік спортшы 60–64 жас санатында топ жарып, 1 сағат 20 минут 29 секунд нәтижесін көрсетті.

Ол екінші орын алған британдық спортшыдан 1 минут 51 секундқа озып кетті.
6
🔥 4
1 705
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 14:20
Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен бірге суретке түсті
4
1 685
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 14:16
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады
3
1 672
avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 14:09
Президент кәсіби мереке қарсаңында ғылым саласында зор жетістікке жеткен және жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
2
1 722

Qazaqstan.tv

44.3K
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Открыть в Telegram