Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады
Кездесу барысында Еуразиялық даму банкінің соңғы жиырма жылда атқарған жұмыс нәтижесі және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы қаржы институтының негізі қаланғанына 20 жыл толуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкі стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруда Қазақстанның басты серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.
Николай Подгузов Мемлекет басшысына ЕАДБ болжамын таныстырды. Соған сәйкес, биыл еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды. Бұған инвестицияның қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, сондай-ақ ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы әсер етеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Николай Подгузов Қазақстан экономикасын орнықты дамыту мақсатында стратегиялық серіктестік пен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.
❤2
3 952
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram