avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
10.04.2026 21:31
��TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті

Экология және абаттандыру туралы шағымдарды тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін TazaQazBot Telegram чат-ботына жыл басынан бері тұрғындар 4 мыңнан астам өтінім жіберген. Бүгінде олардың басым бөлігі орындалды, - дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

✔️Тұрғындар чат-бот арқылы аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру және су айдындарын тазарту сияқты бағыттар бойынша шағым түсіре алады.

✔️Өтінім жолдау үшін Telegram қосымшасында чат-ботқа кіріп, авторизациядан өтіп, мәселенің фотосын тіркеп, нақты мекенжайын көрсетіп, қысқаша сипаттама қалдыру жеткілікті. Өтінім автоматты түрде тиісті органдарға жолданады.

❇️Былтыр чат-бот арқылы 26 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 24 мыңнан астамы сәтті орындалған. Онда көбінесе аумақтарды тазалау бойынша шағымдар түскен.
4
🔥 1
👌 1
3 799

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqstan.tv

44.3K
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Открыть в Telegram