Тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Ақмарал Бейсембаева Президентті алғаш көргендегі әсерін айтты.
«Мен өте бақыттымын. Себебі біз тек материалдық марапат алып қана қойған жоқпыз. Сонымен қатар Мемлекет басшысымен кездестік. Бұл өмір бойы есте қалатын оқиға. Енді алдағы уақытта талпынып, профессор болуға ұмтыламын», - деді Ақмарал Бейсембаева
.
Айта кетейік, бүгін бір топ жас ғалым Президенттің қолынан пәтер кілттерін алды. Олардың қатарында Ақмарал Бейсембаева да бар.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram