avatar
Жоғары Сот Кеңесі/Высший Судебный Совет
@vssrk2024
20.07.2026 03:30
Жоғары Сот Кеңесінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Мерейтойлық медальдар Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының бастамасымен құқықтық мемлекетті нығайтуға, сот жүйесін дамытуға және еліміздің құқықтық институттарын жетілдіруге қосқан елеулі үлесі мен сіңірген еңбегі үшін табысталды.

Жоғары Сот Кеңесінің атынан «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен төмендегі тұлғалар марапатталды:

Сот жүйесінің ардагерлері:
emojiАйсин Тлектес Сейітқұлы;
emojiЖүкенов Әбдірашит Төлегенұлы.

Сот жүйесінің басшылары:
emojiСмайлов Асқар Спартакұлы – Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы;
emojiЖұмағұлов Ақан Маратұлы– Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы;
emojiНажмиденов Берік Төлеутайұлы – Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы;
emojiӘмір Досжан Сарманқұлұлы – Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары:
emojiСисенова Нұрия Оралжанқызы;
emojiНұрбеков Айдын Маратұлы;
emojiСтыбаев Арыстанбек Сағатбекұлы;
emojiАлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызы.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері:
emojiАйтжанов Ерлан Жұмаханұлы;
emojiАйтуарова Алтын Шалабайқызы;
emojiҚасаболатов Кәкен Ермұхаметұлы;
emojiНұрлықұлов Ғалымжан Қансейітұлы;
emojiКененбаев Самат Советбекұлы;
emojiОспанова Жанат Әнуарқызы;
emojiИсаева Ақмарал Серікқызы;
emojiБегалиев Ернар Нұрланұлы;
emojiЖүніспекова Салтанат Серікжанқызы.

Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының қызметкерлері:
emojiҚұрмантаева Лаура Серікқызы – Аппарат басшысының орынбасары;
emojiЖақсылықов Мұрат Берікұлы – Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және кадр резервін қалыптастыру бөлімінің меңгерушісі;
emojiСәдібеков Нұрлан Мұхамедияұлы – Сот жюриі қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуындағы Парламенттің айрықша рөлін атап өтті.

«Парламент қызметінің отыз жылы – Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз сот төрелігі сүйенетін берік құқықтық негіздің қалыптасу кезеңі.

Осы уақыт ішінде сот жүйесі Парламент қабылдаған заңдардың әділ әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз етіп, олардың тиімді іске асырылуының кепілі болды.

Ал Жоғары Сот Кеңесі заңнамаға кезең-кезеңімен енгізілген өзгерістердің нәтижесінде дербес мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болып, өз Аппаратын құрды және өкілеттіктерін дәйекті түрде кеңейтті», – деп атап өтті Дмитрий Малахов.


Марапат иелерін Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Әбдірашит Жүкенов және Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы Асқар Смайлов та құттықтады.

Өз сөздерінде олар кәсіби дәстүрлер сабақтастығының маңызын, заң мен сот төрелігіне адал қызмет етудің жоғары құндылығын, сондай-ақ заңдылық пен құқық үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Салтанатты рәсім құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан марапат иелерінің жоғары кәсібилігі мен көпжылдық адал еңбегіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі болды.

#JoğarySotKeñesı

Facebook* Instagram* Telegram
👍 29
10
👏 9
🔥 4
💯 2
🤝 2
2
450
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Жоғары Сот Кеңесі/Высший Судебный Совет

2.2K
🇰🇿⚖️Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми telegram-каналы

🇰🇿⚖️Официальный telegram-канал Высшего Судебного Совета Республики Казахстан
Открыть в Telegram