avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
23.07.2026 08:45
Семейде полицияның екі көлігін өртеген зейнеткерге үкім шықты

65 жастағы семейлік зейнеткер учаскелік полицейлер әкімшілік хаттама толтырғанына ашуланып, кек алу үшін полицияның Changan CS55 Plus және Chevrolet Cobalt қызметтік көліктерін өртеп жіберген.

Сотта ол кінәсін толық мойындады. Сот оны бөтеннің мүлкін қасақана жою бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, зейнеткер полицияға келтірілген 9,8 миллион теңге шығынды өтеуге міндеттелді.
🔥 2
2 622

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Tengri.kz

10K
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Открыть в Telegram