Чечил ірімшігіне шашалған ер адам клиникалық өлімнен аман қалды
Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем қызметкерлері чечил ірімшігіне шашалып, клиникалық өлім жағдайына түскен 50 жастағы ер адамды құтқарып қалды.
Оқиға Бескөл ауылында болған. Дәрігерлер келгенде ер адамның тамыр соғысы болмаған. Реанимациялық шаралар кезінде оның тыныс жолынан чечил ірімшігі алынып, жүрек соғысы қайта қалпына келтірілді.
Ауруханаға жеткізілгенде науқас өздігінен тыныс ала бастаған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның өміріне қауіп жоқ.
👍7
🤯5
😁1
😨1
🫡1
1 759
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram