Tengri.kz
Фото:
Прокуратура блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы әрқайсысын мүлкін тәркілеумен бірге 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жаза мерзімі бірдей болғанымен, ерлі-зайыптылардың жағдайы әртүрлі. Эльмира Төлегеноваға қатысты прокурор жазаны орындауды бір жылға кейінге қалдыруды ұсынып, осы кезеңде оны елден кетпеу туралы қолхатпен қалдыруды сұрады. Айыптаушы тарап екі айыпталушы үшін де жеңілдететін мән-жай ретінде кішкентай балаларының барын атап өтті, ал ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.
Қылмыстық істің мәні заңсыз кәсіпкерлік пен ақшаны жылыстатуға тіреледі. Тергеу нұсқасы бойынша, блогерлер ұтыс ойындарын өткізу арқылы 247 миллион теңгеден астам табыс тапқан, көрермендерді жаңылыстырған: жүлделер қатысушылардың жарналары есебінен алынған, ал жарнамада ұйымдастырушылар өз қаражатын жұмсайды деп көрсетілген.
Блогерлердің өздері кінәні тек ішінара мойындады.
Жанабыловтар ісі қалай болып жатыр? Бүгін блогер жұп сотта соңғы сөздерін айтуы тиіс еді. Алайда Эльмира Төлегенова
(Ерболат Жанабыловтың жұбайы) сот отырысына келмеді. Адвокаттың айтуынша, оған денсаулығы себеп болған.
Сот оларға растайтын құжаттарды ұсынуға немесе отырысқа онлайн қосылуға екі сағат уақыт берді.
«Егер растайтын құжаттар ұсынылмаса, сот келмеу себебін негізсіз деп танып, бұл қылмыстық істі қарауға кедергі келтіреді деп есептейді».
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram