Рудныйда үш полицей ұсталды
Олар заңға қайшы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
“Ішкі істер органдарында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында, ағымдағы жылдың 17 наурызында Қостанай облысы ПД-ның өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі өңірлік ҰҚК департаментімен бірлесіп, Рудный қалалық полиция басқармасының үш қызметкерін заңға қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен ұстады.
Күдіктілер ішкі істер органдарынан теріс себептермен босатылып, қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр”, – деп хабарлады өңірлік полиция.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram