avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
23.04.2026 07:47
Өскемен гарнизонын 23 қаңтарда мерзімді әскери қызметші көз жұмған еді. Бүгін осы іс бойынша тергеудің алғашқы қорытындылары белгілі болды.

Прокурорлардың айтуынша, әскери бөлімде лауазымды тұлғалар бірнеше рет жарғыға қайшы әрекеттерге жол беріп, қаза болған сарбазға және оның алты әріптесіне психологиялық қысым көрсеткен.

Бұдан бөлек, взвод командирі қару-жарақтың сақталуын тиісті деңгейде қадағаламаған.

Билікті асыра пайдалану және қызметке немқұрайлы қарау фактілері бойынша қозғалған іс сотқа жіберілді. Бөлім командирі мен оның екі орынбасары қызметтерінен босатылды, ал 9 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.
👍 4
1.2K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Tengri.kz

10.3K
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Открыть в Telegram