Щучинсктегі “Центр плова” кафесіндегі жарылысқа қатысты іс бойынша тағы да күдіктілер ұсталды.
20 сәуірде автомобиль газ құю станциясының басшысы мен газ баллондарын тасымалдаушы қолға түсті. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қызмет көрсету, абайсызда екіден көп адамның зардап шегуіне және адам өліміне әкелу) қарастырылып жатыр. Бұл бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, жарылыс 26 ақпан кешке болған. 2 наурызда кафе иесі ұсталып, 4 наурызда екі айға қамауға алынған. Алдын ала нұсқа бойынша, оқиғаға газ баллондарын пайдалану ережелерінің бұзылуы себеп болған.
Апат салдарынан 12 адам көз жұмды.
👍46
😢2
1.2K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram