avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
22.04.2026 16:06
Қазақстанда тағы 16 тасжолда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұл енгізіледі. "ҚазАвтоЖол" компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев олардың нақты қай учаскелер екенін атамады.

Қазір мұндай жүйе 8 ақылы жолда жұмыс істеп тұр. Камералар көліктің екі нүкте арасындағы уақытын есептеп, орташа жылдамдықты анықтайды.

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе енгізілгеннен кейін жол-көлік оқиғалары 20%-ға дейін азайған. 2026 жылдың соңына дейін бақылау тағы бірнеше бағытқа кеңейтіледі.

Орташа жылдамдық жүйесі жүргізушінің жол бойындағы жалпы жылдамдығын есептеп, тек камерадан өткен сәттегі емес, бүкіл учаскедегі тәртіпті қадағалайды.
👍 44
👎 5
👀 1
410

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Tengri.kz

10.3K
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Открыть в Telegram