avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
22.04.2026 14:17
Tengri.kz Фото: Саммитте Тоқаев не туралы айтты: — Экологиялық мәселелерде де таңдамалы (селективті) көзқарасқа жол беруге болмайды — Орталық Азия мен көршілес өңірлер ортақ экологиялық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Олардың қатарында: су тапшылығы және су ресурстарын тиімсіз басқару, шөлейттену, мұздықтардың еруі, ауа ластануы, биоалуантүрліліктің осалдығы бар — Ешбір ел жалғыз өзі табысқа жете алмайды, сондықтан негізгі басымдық бірлескен күш-жігерге берілуі тиіс — Мұнай мен газдың ірі өндірушісі болып қала отырып, біздің ел тұрақты энергетика мақсаттарына адал — Біз еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу жобасын әзірлеп жатырмыз және сонымен қатар көмір электр станцияларын жаңғыртып жатырмыз — Ірі энергетикалық нысандардың шығарындылары шамамен 35 пайызға қысқарады деп күтілуде
— Су қауіпсіздігі Қазақстан үшін де, бүкіл Орталық Азия үшін де аса маңызды мәселе

Арал теңізі бүгінге дейін тиімсіз саясаттың салдарын қатты еске салып отыр. Қазіргі таңда Солтүстік Аралдың шамамен 36 пайызы қалпына келтірілді

— Қазақстан Каспий теңізінің одан әрі деградациясын болдырмауға бағытталған мемлекетаралық бағдарламаны бастады және ғылыми-зерттеу институтын құрды

— Былтыр желтоқсанында Ашхабадта мен БҰҰ агенттігі ретінде Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым

— Киіктер популяциясын қалпына келтіру мүмкін болды. Ал қар барыстарының саны екі еседен астам өсіп, шамамен 190 басқа жетті

— Соңғы 5 жылда біз 1,5 миллиард ағаш ектік

— Экологиялық мәселелерді сәтті шешу жасанды интеллектісіз мүмкін емес

— Біз аймақтық цифрлық экожүйе құруды қолдауға дайынбыз
👍 49
532

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Tengri.kz

10.3K
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Открыть в Telegram