avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
22.04.2026 13:44
Tengri.kz Фото: Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр. Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді. Мәртебелі меймандарды Президентіміз қарсы алды.
Саммитте Тоқаев не туралы айтты:

— Экологиялық мәселелерде де таңдамалы (селективті) көзқарасқа жол беруге болмайды

— Орталық Азия мен көршілес өңірлер ортақ экологиялық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Олардың қатарында: су тапшылығы және су ресурстарын тиімсіз басқару, шөлейттену, мұздықтардың еруі, ауа ластануы, биоалуантүрліліктің осалдығы бар

— Ешбір ел жалғыз өзі табысқа жете алмайды, сондықтан негізгі басымдық бірлескен күш-жігерге берілуі тиіс

— Мұнай мен газдың ірі өндірушісі болып қала отырып, біздің ел тұрақты энергетика мақсаттарына адал

— Біз еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу жобасын әзірлеп жатырмыз және сонымен қатар көмір электр станцияларын жаңғыртып жатырмыз

— Ірі энергетикалық нысандардың шығарындылары шамамен 35 пайызға қысқарады деп күтілуде
👍 49
517

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Tengri.kz

10.3K
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Открыть в Telegram