avatar
Tengri.kz
@tengri_kz
21.04.2026 18:58
Ақтөбе мәслихатының депутаты Аслан Қайырғалиев досының тойында 4 млн теңге сыйлық жасаған сәті желіге тарап, сынға ұшырады.

Видеода ол ақшаны беташар кезінде қоржынға салып жатқанын көруге болады.
Депутат кейін бұл өз ақшасы емес, достары атынан жиналған сыйлық екенін айтып, мақтану ниеті болмағанын түсіндірді.

Алайда 20 сәуірде мәслихаттың этика комиссиясы оның әрекетін қарастырып, мінеу жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл жаза депутат мандатына әсер етпейді.
👎 5
🤡 3
🤬 2
🔥 1
995

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Tengri.kz

10.3K
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Открыть в Telegram