avatar
СЕНАТ
@senate_kz
09.05.2026 14:00
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 9 мамыр Жеңіс күніне құттықтауы

Құрметті достар!

Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр – сұрапыл соғыста от кешкен батырларымызды ұлықтайтын және аға буынның рухына тағзым ететін қастерлі күн. Майдангер әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігін дәріптейтін бұл мереке бейбіт күннің қадірін арттырып, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарытады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, даңқты ерлеріміз Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтпас қайсарлықтың озық үлгісін көрсетті. Олардың есімін ұлт жадында сақтау – біздің перзенттік парызымыз.

Осы мақсатпен Мемлекет басшысы мереке қарсаңында Берлиннің Ратуша ғимаратына Жеңіс туын ілген взвод командирі марқұм Кенжебай Мәденовке Халық Қаһарманы атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жалпы ардагерлерге деген құрметтің және тарихи әділдікті қалпына келтірудің жарқын көрінісі екені анық.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мереке аясында бүгін еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен және Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановпен бірге «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарын еске алдық.

Сонымен қатар әріптестерімізбен бірге Халық Қаһарманы, Рейхстагқа алғаш болып Жеңіс туын тіккен отандасымыз Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне арнайы барып, даңқты батырдың рухына тағзым еттік.

Өшпес ерлікті ұрпаққа үлгі ететін мерекемен құттықтай отырып, еліміздегі әр шаңыраққа амандық тілеймін!

Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Жеңіс күні құтты болсын!


Facebook* желісіндегі жеке парақшасынан

@senate_kz
👍 2
2 258
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

СЕНАТ

4K
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram*: https://instagram*.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram