Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1945 жылы Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың елордадағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мәулен Әшімбаев Жеңіс күні әр қазақстандық отбасы үшін ерекше мәнге ие қастерлі дата екенін атап өтті. Сондай-ақ Палата Спикері Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша ауқымды іс-шаралар мен тағылымды кездесулер ұйымдастырылып жатқанын айтты.
«Біз бұл күні сұрапыл соғыста от кешкен аға буынның жанқияр ерлігі мен қайсар рухына тағзым етеміз. Соның аясында бүгін еліміздің барлық өңірінде ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп, майдангерлердің ерліктері дәріптеліп жатыр. Мереке қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін марқұм Кенжебай Мәденовке «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл шешім – тарихи әділдікті қалпына келтірудің жарқын көрінісі. Шын мәнінде, мұның бәрі – өскелең ұрпақ бейбітшіліктің қадірін түсініп, патриот болып қалыптасуына ықпал ететін қадамдар», – деді Мәулен Әшімбаев.
Іс-шараға ардагерлер ұйымдарының өкілдері, күш құрылымдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер және Парламент Сенатының депутаттары қатысты.
@senate_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram