Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысына қатысты. Жиында конституциялық заң жобалары мен сайлау жүйесіне қатысты өзгерістер қаралды.
Отырыс барысында «Президент туралы», «Құрылтай туралы» және «Сайлау туралы» заң жобалары талқыланды. Сенаторлар бұл құжаттардың жаңартылған Конституцияны іске асырудағы маңызын атап өтті.
Депутаттар жаңа институционалдық модельді қалыптастыру, саяси жүйені жетілдіру және сайлау процесінің ашықтығын арттыруға бағытталған өзгерістерді қолдады.
Отырыс соңында бірқатар сенатор сөз сөйлеп, заңнамалық реформаларды іске асырудың келесі қадамдарына тоқталды.
@senate_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram