Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 7 мамыр Отан қорғаушы күніне құттықтауы
Құрметті достар!
Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ұлттық рухты асқақтатып, патриотизмді арттыра түсетін айрықша мереке. Осы күндері еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген әскери қызметшілерге және ардагерлерге құрмет көрсетеміз.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінде Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді. Сайыпқыран сарбаздарымыз – қасиетті Тәуелсіздігіміздің берік қалқаны. Олар еліміздің тыныштығын, жеріміздің тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр.
Жалпы, Отан қорғау – бәріміздің қасиетті парызымыз. Бұл жолда әр азаматтың өз міндетін адал атқаруы, бейбіт өмірдің қадіріне жетіп, елдің береке-бірлігін нығайтуға үлес қосуы аса маңызды. Халқымыз қашанда осындай жауапкершіліктің биігінен көрінеді деп сенемін.
Мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа жақсылық, шаттық, амандық тілеймін!
Әрдайым аспанымыз ашық болып, тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасай берсін!
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram