avatar
СЕНАТ
@senate_kz
01.05.2026 18:51
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті достар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – татулық пен достықтың және өзара құрмет пен жасампаз құндылықтардың мерекесі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бірлік пен келісім – ел дамуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Қазіргідей сын-қатерлер заманында бұл қағидаттың мәні бұрынғыдан да арта түскенін көріп отырмыз. Сондықтан елдің ынтымағын нығайту – барша Қазақстан халқына ортақ міндет.

Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан ауқымды реформалардың табысты болуы да қоғамдағы береке-бірлікке тікелей байланысты. Шын мәнінде, ұлт мұраты жолында жұдырықтай жұмыла білсек қана көздеген мақсатымызға қол жеткізіп, Әділетті Қазақстан құрамыз.

Осы жолда әр қазақстандық «бір жағадан – бас, бір жеңнен қол» шығарып, ауызбіршіліктің биігінен көріне береді деп сенемін.

Мерекемен құттықтай отырып, егемен елімізге және әр отбасына амандық, тыныштық, бақ-береке тілеймін!

Бірлік күні құтты болсын!


Facebook* желісіндегі жеке парақшасынан

@senate_kz
🔥 2
👏 1
606
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

СЕНАТ

4K
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram*: https://instagram*.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram