Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жастардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында жұмысты күшейту қажет екенін айтты. Оның айтуынша, бүгінгі таңда жастарды маман ретінде жүйелі даярлауда олқылықтар бар, сондықтан олардың сараптама жасау, талдау және жазу дағдыларын дамыту маңызды.
Сондай-ақ соңғы жылдары Сенат «Талдау мектебі» сияқты жобаларды жүзеге асырып келе жатқаны, бұл бастамалар жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге және құндылықтарды қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді. Мәулен Әшімбаев бұл жұмысты жалғастырудың маңызы зор екенін жеткізіп, жастардың мемлекеттік қызметке деген ұмтылысын қолдау қажет екенін айтты.
@senate_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram