Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заң қаралды.
Құжат жануарларды ұстау талаптарын күшейтуге, оларды тіркеу мен айналымын бақылауды арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, тіркелмеген жануарларды сатуға немесе беруге тыйым салынады, ал талаптар бұзылған жағдайда келтірілген зиян үшін иелері жауап береді.
Отырыс қорытындысы бойынша комитет мүшелері заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.
@senate_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram