Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қаралды. Құжат мемлекеттік қызметтің заманауи, тиімді және кәсіби жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Заңда мансаптық өсу тетіктері, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, «Е-қызмет» арқылы цифрлық іріктеу және мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру нормалары көзделген. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен ашықтығын арттыру шаралары қарастырылды.
@senate_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram