Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Мария Телалианмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар демократияландыру, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Сенат Төрағасы конституциялық реформаның іске асырылуына тоқталып, оның саяси жүйені жаңғыртуға және тиімді басқару моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар Әшімбаев ДИАҚБ-ның сараптамалық қолдауын жоғары бағалап, сайлау жүйесін жетілдіру және бірлескен жұмысты күшейту маңызды екенін жеткізді. Тараптар RES-2026 экологиялық саммитінің қорытындылары мен өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне де назар аударды.
@senate_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram