avatar
СЕНАТ
@senate_kz
27.04.2026 15:17
Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында тыңдаушылармен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында сенатор жаңартылған Конституция аясындағы реформалардың маңызына тоқталып, алдағы конституциялық заңдар туралы айтты.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ Құрылтай мен Халық кеңесінің қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтатын маңызды институттар екені атап өтілді.

Кездесуде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, мәслихаттардың рөлін күшейту және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру мәселелері де талқыланды.

@senate_kz
475

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

СЕНАТ

4K
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram*: https://instagram*.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram