avatar
СЕНАТ
@senate_kz
25.04.2026 15:03
Сенат депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Бұл жолы сенаторлар елордадағы Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырып, 200-ге жуық ағаш көшетін отырғызды. Іс-шараға Сарапшылар клубының мүшелері, Taldau мектебінің түлектері және қала тұрғындары да белсенді қатысты.

Мәулен Әшімбаев экология тек климат мәселесі емес, ол – адам өмірінің сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар қоғамда жауапкершілікті арттырып, тұрақты болашаққа негіз қалайды.

Сондай-ақ іс-шараға Сенат жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері, Талдау мектебінің түлектері және Бочча федерациясының өкілдері қатысты.

@senate_kz
2 442

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

СЕНАТ

4K
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram*: https://instagram*.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram