avatar
СЕНАТ
@senate_kz
24.04.2026 17:48
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстан: Орталық Азияның транзиттік хабы» атты көлік-логистика саласын дамытуға арналған семинардың ашылуына қатысты. Іс-шара Сенаттың бастамасымен Президент Әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Сенат Төрағасы өз сөзінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану стратегиялық міндет екенін атап өтіп, Транскаспий бағытының маңызы артып келе жатқанын айтты.

Семинарға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова, сала сарапшылары және көлік-логистика компанияларының өкілдері қатысты. Қатысушылар инфрақұрылым, логистика және транзиттік ағындарды басқару мәселелерін талқылады.

@senate_kz
1 326

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

СЕНАТ

4K
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram*: https://instagram*.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram